Стратегиялық
есеп

Компанияның миссиясы – Қазақстанның энергия жүйесінің сенімділігін, қолжетімділігін қамтамасыз ету және озық дамыту

Компания
туралы

Компания туралы ақпаратпен ресми сайттан танысуға болады: https://www.kegoc.kz/about/

Бизнес-модель

Біздің активтер:

  • Трансформаторларының белгіленген қуаты 38 742,9 МВА болатын 81 ҚС
  • 26 973,228 км ӘЖ
  • 9 ЖЭТ филиалы және ЖО ҰДО филиалы
  • 4 400 адам
  • Қазіргі заманғы технологиялар

Біздің қызмет:

  • Электр энергиясын жеткізу – 54,65 млрд кВт·сағ
  • Желіге босатуды техникалық диспетчерлендіру – 105,04 млрд кВт·сағ
  • Өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру – 205,15 млрд кВт·сағ

Біздің нәтижелеріміз:

  • Таза пайда – 52,6 млрд теңге
  • 1 акцияға дивидендтер төленді – 2020 жылы 75,01 теңге 2021 жылғы 1-жарты жылдыққа 84,72 теңге
  • 31.12.2021 ж. жай-күй бойынша акциялар құны – 1 885 теңге
  • Сенімділік көрсеткіштері – WWP 98,60% / SML 4,46 мин
  • Әлеуметтік тұрақтылық рейтингі – 85%

Негізгі ТДМ

Миссия
Қазақстанның энергия жүйесінің сенімділігін, қолжетімділігін қамтамасыз ету және озық дамыту

Құндылықтар
ШШынайылық пен әділдік
Уақыт талабы мен тұрақты даму
Ауызбіршілік пен жауапкершілік
Құрмет, дәстүр мен біліктілік

Пайымы
Энергетикалық ауысу жағдайындағы нарықты және болашақ энергия жүйесін өзгертуге себеп болатын, инфрақұрылымды жоспарлау және таза энергияны дамыту арқылы тұрақты электр энергетика жүйесін дамытуға үлес қосатын электр энергетикасы саласындағы көшбасшы

Қуат

2021 жылдың соңында габариті 0,4–1150 кВ, жалпы ұзындығы 26 973,228 км (тізбектер бойынша) болатын 384 әуелік электр жеткізу желісі (ӘЖ) және трансформаторларының белгіленген қуаты 38 742,9 МВА болатын кернеуі 35–1150 кВ-тық 81 қосалқы электр станциясы (ҚС) бар Ұлттық электр торабы (ҰЭТ) Компанияның негізгі активі болып табылады. Олар электр энергиясының трансшекаралық ағындарын қамтамасыз ету, электр станцияларынан электр энергиясын жеткізу және өңірлік электр энергетикалық компаниялар мен ірі тұтынушылар арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін қызмет етеді.

«KEGOC» АҚ ӘЖ ұзындығы

31.12.2021 ж.
жай-күй
бойынша
«KEGOC» АҚ ӘЖ ұзындығы

«KEGOC» АҚ ҚС қуаты мен саны

31.12.2021 ж.
жай-күй
бойынша
«KEGOC» АҚ ҚС қуаты мен саны

Компания құрылымы

Компания құрылымына 9 «Жүйеаралық электр тораптары» (ЖЭТ) филиалы және «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы» (ЖО ҰДО) филиалы кіреді.

«KEGOC» АҚ еншілес ұйымы – «Энергоинформ» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады.

«Энергоинформ» АҚ миссиясы – ең үздік әлемдік тәжірибелер мен инновациялық технологияларды қолдана отырып, БЭЖ ақпараттық-техлекоммуникациялық кешенін тиімді дамыту және оның сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Негізгі қызметі – «KEGOC» АҚ ақпараттық-телекоммуникациялық кешеніне, соның ішінде ЭКЕАЖ, SCADA, ЭТН, АБЖ, ЖЖ, РРЖ, СБС, КҚЖ, АТС, ТОБЖ, ӨКЖ қызмет көрсету және корпоративтік сервистер.

Сонымен қатар, «KEGOC» АҚ «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы өңіраралық электр жеткізу желісін салу» жобасын іске асыру үшін 2005 жылы құрылған «Батыс транзит» АҚ-ның акционері (акцияларының 20%-ы) болып табылады.

2021 жылғы 30 желтоқсанда «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС «KEGOC» АҚ-ға тиесілі 100% қатысу үлесін мемлекеттің меншігіне өтеусіз табыс ету жолымен иеліктен шығарылды.

Қызмет
географиясы

Даму
стратегиясы

«KEGOC» АҚ қызметінің Қазақстанның бүкіл экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар және кең ауқымдағы мүдделі тараптардың мүдделерін қамтиды, Компания оны ұзақ мерзімді стратегиясын құрып, шешімдер қабылдаған кезде есепке алады. Біз қоғам мүдделеріне ықыласпен қарауға және Қазақстан ҰЭТ-тың озық дамуын қамтамасыз етуге, адамдардың әл-ауқатын және лайықты еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, экологияға қамқорлық жасауға басты назар аударамыз. Бұл «KEGOC» АҚ Даму стратегиясында көрсетілген.

Мемлекет «KEGOC» АҚ-ға оның басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмысты қамтамасыз ету, энергия жүйесіндегі теңгерімді сақтау, жүйелік қызмет көрсету және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алу, сонымен қатар Қазақстан Республикасының ҰЭТ-ы арқылы электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз ету, ҰЭТ-ке техникалық қызмет көрсету және пайдалануға дайындығын қолдау жөніндегі функцияларын белгілейтін Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы дәрежесін бекітіп берді.

Ұзақ мерзімді
стратегиялық
мақсаттар

1-мақсат. Қазақстан БЭЖ-нің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, яғни Қазақстан БЭЖ-дің Жүйелік операторы функцияларын сапалы орындау; қолданыстағы активтерді пайдалану бойынша сапалы қызмет көрсету, оларды жөндеу және жаңарту; жаңа электр энергиясын жеткізу желілері мен қосалқы станцияларды салу арқылы Қазақстан Республикасы ҰЭТ-інің өткізу қабілетін арттыру; технологиялық даму және бизнесті цифрландыру.

2-мақсат. «KEGOC» АҚ қызметінің тиімділігін салынған капиталдың тиімділігін арттыру және бизнестің жаңа түрлерін дамыту, «KEGOC» АҚ Трансформациялау бағдарламасын іске асыру арқылы қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

3-мақсат. Еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру, корпоративтік басқаруды жетілдіру; адами капиталды дамыту және қоршаған ортаға қамқорлық арқылы корпоративтік басқаруды жетілдіру және тұрақты даму.

Даму стратегиясымен Компанияның ресми сайтынан таныса аласыздар: https://www.kegoc.kz/about/strategiya-razvitiya/

1-мақсатты іске асыру индикаторлары

ҚНК атауы 2019
факт
2020
факт
2021
жоспар
2021
факт
WWP, % 99,64 98,63 98,55 98,60
SML, мин. 0,52 5,21 0,96 4,46

2-мақсатты іске асыру индикаторлары

ҚНК атауы 2018
факт
2019
факт
2020
факт
2021
жоспар
2021
факт
EBITDA, млрд теңге 81,2 88,5 108,4 94,1 93,9
NAV, млрд теңге 416,2 422,2 441,2 489,2 486,3

3-мақсатты іске асыру индикаторы

ҚНК атауы 2018
факт
2019
факт
2020
факт
2021
жоспар
2021
факт
LTIFR, коэффициент 0,29 0 0 3,40 0,15
Өндірістегі өлімге әкелетін жазатайым жағдайлардың жиілігі, коэффициент 0,25 0 0 0 0
Корпоративтік басқару рейтингі ВВ ВВ ВВ ВВВ ВВВ

Алдағы
перспективалар

2021 жылғы 21 желтоқсанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ-ның 2022–2031 жылдарға арналған даму стратегиясын бекітті. Даму стратегиясы компанияның пайымы мен миссиясы, «KEGOC» АҚ-ның ұзақ мерзімді кезеңге арналған стратегиялық даму бағыттары айқындалған ұзақ мерзімді стратегиялық құжат болып табылады. Даму стратегиясы Компанияның ұзақ мерзімді тұрақты дамуына бағытталған, онда энергетикалық ауысумен және ЖЭК-ті энергетикалық жүйеге интеграциялаумен байланысты жаһандық трендтердің әсері есепке алынған, экономиканы карбонсыздандырумен және елдегі экономикалық дамуды қамтамасыз етумен байланысты процестерді, Қазақстанда орта мерзімді перспективада электр энергиясы мен қуаты тапшылығының туындауы жөніндегі мәселелерді шешу қажеттілігін, қазіргі заманғы инновациялық және цифрлық технологияларды, ҒЗТКЖ енгізуді, ЕSG қағидаларын ұстануды көздейді.

«KEGOC» АҚ перспективада электр энергиясын өндіру мен тұтыну өседі деп болжамдап отыр, бұл Компанияның электр энергиясын жеткізу бойынша және реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша Компания ұсынатын қызметтердің көлемдеріне оң әсер етеді.

«KEGOC» АҚ Қазақстан БЭЖ жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз ететін және желінің қолжетімділігі (GA пайыздық көрсеткіші), орташа үзіліс уақыты (AIT), толымсыз жеткізілген электр энергиясы көлемі (ENS) және жүйелік қызметтерді тұтынушылардың қанағаттану деңгейі сияқты көрсеткіштерді сапалы жақсартуға көмектесетін активтерін жаңарту мен дамыту жобаларын іске асыруды жалғастырады.

«KEGOC» АҚ-ны перспективада тұрақты дамыту корпоративтік басқаруды және еңбекті қорғауды басқару жүйесін бұдан әрі жетілдіру, Компанияның әзірленген жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес экологияны сақтау бойынша жауапкершілігін арттыру есебінен қамтамасыз етіледі.

Компанияның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің, сонымен қатар оның қызметінің тиімділігін көрсететін негізгі индикаторлары бұл қызметтің негізгі көрсеткіштері немесе ҚНК болып табылады.