Қоршаған
орта

Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау – «KEGOC» АҚ Экологиялық саясатының негізгі қағидаты

Қоршаған ортаны
қорғау саласындағы
саясат

«KEGOC» АҚ қоршаған ортаны қорғау қызметін өзінің күнделікті жұмысының ажырамас бөлігі ретінде қарайды. Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау – «KEGOC» АҚ Экологиялық саясатының негізгі қағидаты.

«KEGOC» АҚ Экологиялық саясатының мақсаты бұл қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайту, экологиялық қауіпсіздіктің деңгейін арттыру, Қазақстан ҰЭТ-ын дамыту кезінде қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін жауапкершілік, энергияны үнемдеу және Компания қызметінде табиғи және энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану болып табылады. «KEGOC» АҚ басшылығы өзіне Экологиялық саясатқа сәйкес қабылданған тұрақты түрде жақсарту және ластанудың алдын алу бойынша міндеттемелерін іске асыру, сонымен қатар «KEGOC» АҚ-ның қатысы бар өз экологиялық аспектілері бөлігіндегі қолданылатын заңнамалық және басқа да талаптарға сәйкестік үшін жауапкершілік қабылдайды. Компанияның әрбір қызметкері, сонымен қатар Компания мүдделеріне жұмыс істейтін мердігер ұйымдардың қызметкерлері «KEGOC» АҚ Экологиялық саясатымен таныстырылды.

Компанияда «KEGOC» АҚ біріктірілген менеджмент жүйесі шеңберінде жұмыс істейтін экологиялық менеджмент жүйесі ендіріліп, «Экологиялық менеджмент жүйесі» ISO 14001 халықаралық стандарты талаптарына сәйкестігіне сертификатталды. Компанияның өндірістік және шаруашылық қызметінің экологиялық аспектілеріне әсерін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа басқару тәсілдерін қолдану оны ендіру мен жұмыс істеуінің негізгі мақсаты болып табылады. Экологиялық аспектілерді басқару «KEGOC» АҚ-да тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесінің элементі болып табылады.

Тиімді басқару үшін «KEGOC» АҚ 2021 жылға арналған экологиялық аспектілер тізілімдері әзірленді. Аспектілерді анықтаған кезде Компания қызметінің барлық экологиялық әсерінің компоненттері (энергия үнемдеу, су, топырақ, шығарындылар, қалдықтар) талданады. Экологиялық аспектілерді басқару жөніндегі іс-шаралар Компанияның 2020 жылға арналған экологиялық бағдарламасымен белгіленген. 2021 жылғы маңызды экологиялық аспектілер ретінде «құрамында ПХД бар ықтимал полихлорландырылған дифенилдер», «трансформатор майы» және «пайдаланылған трансформатор майы» анықталды. «Құрамында ПХД болуы мүмкін қалдықтар» аспектісінің маңыздылығы бұл полихлорландырылған дифенил Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сай зиянды зат (қауіпсіздіктің қызыл деңгейі) болуымен негізделген. «Пайдаланылған трансформатор майы» және «трансформатор майы» аспектілерінің маңыздылығы май толтырылған жабдықтың болуына байланысты.

Атмосфералық
ауаны қорғау

Нормативтерге сай, ЖЭТ филиалдарында зиянды заттар шығарындыларының (ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған) стационарлық көздері белгіленген. Стационарлық көздерден болатын шығарындыларды мониторингтеу мақсатында ЖЭТ филиалдарында 2021 жылы операциялық мониторинг (өндірістік процесс мониторингі) – жабдықтың әрбір бірлігінің жұмыс уақыты сағаттарының саны және материалдар шығысы есепке алынды. Мамандандырылған ұйымдар өндірістік экологиялық мониторинг жүргізген кезде есептеу жолымен немесе зертханалық өлшемдер жүргізумен стационарлық көздерден болатын шығарындылар айқындалады.

2021 жылы стационарлық көздерден ластайтын заттардың жаппай шығарындылары көлемі 9,79 т (белгіленген норматив – 11, 63 т) құрады.

2021 жылы стационарлық көздерден болған шығарындылар

«KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдарының атауы Тұрақты көздерден болған шығарындылар, т/жыл
норматив факт
«Ақмола ЖЭТ» 0,93 0,52
«Ақтөбе ЖЭТ» 0,31 0,07
«Алматы ЖЭТ» 0,73 0,73
«Шығыс ЖЭТ» 1,42 2,38
«Батыс ЖЭТ» 0,84 0,01
«Сарыбай ЖЭТ» 0,68 0,68
«Солтүстік ЖЭТ» 1,23 0,15
«Орталық ЖЭТ» 5,18 5,18
«Оңтүстік ЖЭТ» 0,30 0,09
Барлығы 11,63 9,79

Осылайша, стационарлық көздерден болатын ластайтын заттардың жаппай шығарындылары (нормативтерге қатысты) 16%-ға азайды. Шығарындылардың азаюы («Ақмола ЖЭТ», «Ақтөбе ЖЭТ», «Алматы ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ», «Солтүстік ЖЭТ», «Оңтүстік ЖЭТ» филиалдары) мамандандырылған ұйымдар жүргізген өндірістік экологиялық мониторинг нәтижелерімен расталды.

«Климаттың өзгеруі туралы» БҰҰ Негіздемелік конвенциясының, Киот хаттамасының, Париж келісімінің және Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес, 2020 жылы ЖЭТ филиалдарында Компанияның қызметі шеңберінде қоршаған ортаға шығарылған парниктік газдарға түгендеу жүргізілді. Стационарлық көздерден, стационарлық көздерге теңдестірілген мобилдік көздерден болған шығарындылар есебі жасалды. Аймақтық экология департаменттеріне 2020 жылғы парниктік газдарды түгендеу туралы есептер жіберілді және тіркелді.

«Мемлекеттік реттеу объектілері болып табылатын парниктік газдар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес көміртектің қос тотығы (СО2), метан (СН4), азоттың шала тотығы (N2O), перфторкөміртектер (ПФК) осындай болып табылады. Стационарлық көздерден шығарылған парниктік газдарды түгендеу нәтижелері бойынша шығарындылар жылына көміртектің қос тотығы баламасында 138,02 тоннаны құрайды (2020 жылға қарағанда 16,45 тоннаға кем), осыған байланысты «KEGOC» АҚ Парниктік газдардың шығарындыларына квота бөлу жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарға сай парниктік газдарды квоталау бойынша талаптарға ілінбейді.

2021 жылы «KEGOC» АҚ-ның тұрақты көздерден болған парниктік газдар шығарындылары көлемі, тонна

СО2 СН4, көміртек қостотығы тоннасы баламасымен N2O, көміртек қостотығы тоннасы баламасымен Шығарындылардың жалпы көлемі, көміртек қостотығы тоннасы баламасымен
137,97 0,0016 0,04638 138,02

Стационарлық көздерден болатын парниктік газдар шығарындыларының қарқындылығы 2021 жылы жеткізілген электр энергиясының 1 млн кВт·сағ-қа 0,0025 тоннаны құрады.

«Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сай жылжымалы көздерден болған шығарындылар есептелмейді, есептемеде пайдаланылған отын көлемі көрсетіледі. Автокөлік атмосфераға шығарылатын пайдаланылған газдарының улылылығы мен түтіндігіне тексерілді.

2021 жылы Компания Көміртегі ізін төмендетудің 2060 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеуге кірісті. «KEGOC» АҚ өз қызметіненболатын көміртегі ізін азайту Бағдарламаның бұдан кейінгі іс-шараларын талдау және пысықтау мәні болып табылады. Даму есебінен экономиканы карбонсыздандыруды қамтамасыз ету, ЖЭК-ті Қазақстанның энергия жүйесіне интеграциялау Жүйелік оператор ретіндегі «KEGOC» АҚ негізгі қызметінің стратегиялық мақсаттары мен міндеттері болып табылады және «KEGOC» АҚ-ның 2022-2031 жылдарға арналған Даму стратегиясында көрсетілген.

Бағдарламаны әзірлеу шеңберінде ағымдағы жағдайды талдау жүзеге асырылды және СО2 (Scope 1 және 2) тікелей және жанама шығарындыларының негізгі көздері мен көрсеткіштері айқындалды, өз қызметін жүзеге асыру кезінде Компанияның көміртегі ізін төмендетуге арналған негізгі іс-шаралары белгіленді және «KEGOC»АҚ көміртегі ізін төмендетуді мониторингтеу үшін негізгі индикаторлар айқындалды.

«KEGOC» АҚ климаттық амбицияларын іске асырудағы негізгі құралдар қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективадағы іс-шараларды таңдады:

  • ақпаратты жинау және мониторингтеу процесін ұйымдастыру, сонымен қатар тұтынылатын отын-энергетикалық ресурстар көлемінің ықтимал төмендеуі;
  • энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру;
  • «KEGOC» АҚ желісіндегі шығындарды өтеу үшін ЖЭК-тен «жасыл»электр энергиясын сатып алу үлесін біртіндеп арттыру.

Осылайша, бағдарламада төмен көміртекті дамытуға қол жеткізу 2031 жылға дейінгі индикаторлары бекітілді:

  • Scope 1 бойынша (тікелей шығарындылар) – шығарындылар деңгейін 2030 жылға қарай 2%-ға төмендетуге қол жеткізу үшін іштен жану қозғалтқыштары бар жеңіл автокөлікті электр қозғалтқыштары бар ұқсас көлік түрлеріне біртіндеп ауыстыру жолымен;
  • Scope 2 бойынша (жанама шығарындылар) – «KEGOC» АҚ желісіндегі шығындарды өтеу және 2031 жылға қарай оған 20% деңгейінде қол жеткізу үшін ЖЭК-тен «жасыл» электр энергиясын сатып алу үлесін біртіндеп арттыруды жүзеге асыру жолымен.

Компания өз қызметінде климаттың өзгеруіне әсер ететін озонды бұзатын заттарды шығаруды жүзеге асырмайды.

Қалдықтарды
басқару

Өндіріс қалдықтары ҚС жабдықтарын пайдалану, жөндеу және жаңғырту кезінде пайда болады. «KEGOC» АҚ-да қалдықтарды басқару Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және «KEGOC» АҚ-да қалдықтарды басқару» ұйым стандартына сай жүзеге асырылады.

«KEGOC» АҚ-да барлық қалдықтар қауіпті және қауіпсіз болып бөлінген.

«KEGOC» АҚ құрылымдық бөлімшелеріндегі қалдықтар көлемі

Көрсеткіш, тонна 2021 жыл
Қауіпті қалдықтар 1 782,82
Қауіпсіз қалдықтар 2 543,26
Барлығы 4 326,09

Су
объектілеріне
әсер

Су Компанияның технологиялық процесінде пайдаланылмайды. «KEGOC» АҚ-да суды қолдану деңгейі шамалы, пайдаланылатын су көздеріне айтарлықтай әсер етпейді. Суды тұтыну және су бұру ЖЭТ филиалдарының мамандандырылған ұйымдармен жасаған шарттарына сәйкес жүргізіледі. Су объектілеріне және топыраққа лақтырындылар жүзеге асырылмайды. «KEGOC» АҚ-ның 7 филиалының объектілерінде артезиандық сумен жабдықтау бар, ұңғымалар алынған рұқсаттарға сай пайдаланылады. Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес мамандандырылған ұйымдармен жасалған шарттар бойынша ұңғымалардың тоғандарындағы жер асты суларына тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

Инвестициялық
жобалардың іске асыру
барысындағы табиғатты
қорғау іс-шаралары

Компания жобаларды, соның ішінде инвестициялық жобаларды іске асырған кезде қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне кешенді түрде қарайды. Жобаларды іске асыру тәуекелдерін талдау үшін әлеуметтік және экологиялық тәуекелдерді талдауды қоса алғанда, PESTEL талдауы пайдаланылады. Жүргізілген қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері есепке алынып, қоршаған орта мен адам денсаулығына зияны неғұрлым аз нұсқа қабылданады. Жобалардың тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде және тұрақты негізде жүзеге асырылады. Атмосфералық ауаға, жерүсті және жерасты суларына, ландшафтарға, жер ресурстары мен топырақ жамылғысына, биоалуантүрлілік және басқаларға әсері бағаланады.

Электр желілік объектілерді жобалау кезеңінде экологиялық тәуекелдерді басқару үшін оларды елді мекендерден және күзетілетін табиғи аумақтардан шалғай аумақтарда орналастырады. ӘЖ трассалары негізінен дала және шөлейт жерлер арқылы өтеді, ӘЖ орманды дала аймағында өткен жағдайда ӘЖ үшін орман жолдарын тазарту қызметін жүзеге асырған кезде азайту іс-шараларын қамтитын Қоршаған ортаға әсер етуді бағалау (ҚОӘБ) жобасы әзірленеді. Компанияның қызметі туралы экологиялық ақпараттың ашықтығы және қол жетімділігі мақсатында ҚОӘБ жобалары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.

Энергия тиімділігі

«KEGOC» АҚ-ның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша негізгі міндеті тұтыналатын отын-энергетикалық ресурстар көлемін азайту, соның ішінде «KEGOC» АҚ объектілерінің жеке қажеттіліктеріне энергия ресурстары шығындарын азайту есебінен, электр энергиясын ҰЭТ арқылы жеткізу кезінде электр энергиясының техникалық ысыраптарын азайту, энергия шығындарын бақылау механизмдерін жетілдіру және Компания объектілерін электр энергиясы мен басқа да отын-энергетикалық ресурстарды есепке алу құралдарымен жабдықтау, есепке алу құралдарының деректері негізінде ақпартты жинау процесін ұйымдастыру болып табылады.

2021 жылы отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну, ГДж

   
Электр энергиясы 10 951 741,26
Жылу энергиясы 87 536,44
Отын 123 520,85
соның ішінде:  
  • мотор бензині
41 680,78
  • дизелді отын
77 940,90
  • табиғи газ
3 749,09
  • сұйытылған газ
150,07
Барлығы 11 162 798,55

2021 жылы электр энергиясын желіге босату көлемдерінің артуына, сәйкесінше электр энергиясы ысыраптарының артуына байланысты отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну 2020 жылмен салыстырғанда 812 281,78 ГДж-ға артты.

2021 жылы энергияны салыстырмалы тұтыну 1 мың кВт сағ жеткізілген электр энергиясына 0,2 ГДж құрады.

Электр желілері арқылы электр энергиясын жеткізуге арналған электр энергиясының технологиялық шығынын азайту іс-шаралары энергия тұтынуды азайту тұрғысынан ең көбірек тиімділік береді.

Қазақстанның электр энергетикалық жүйесі негізінен Солтүстік аймақта қуатты энергия көздерінің шоғырлануымен және ұзыннан ұзақ транзиттік электр желілерінің (Қазақстанның Солтүстігі – Оңтүстігі, Павлодар облысы – Ақтөбе облысы транзиттерінің негізгі бағыттары) (шамамен 1000 км) болуымен сипатталады – бұл ел аумағының үлкен болуына байланысты және электр энергиясының технологиялық шығысы (техникалық ысыраптар) деңгейіне айтарлықтай әсер етеді. «KEGOC» АҚ желісіндегі техникалық ысыраптар көрші мемлекеттердің энергетикалық жүйелерінің жұмыс режимдеріне (транзит, электр энергиясының экспорты мен импорты) және климаттық жағдайларға байланысты.

* – Джоульмен есептегенде халықаралық бірлік жүйесі қолданылды, ӨҚ.

«KEGOC» АҚ электр энергиясының 2021 жылғы ысыраптары құрылымы

%
«KEGOC» АҚ электр энергиясының 2021 жылғы ысыраптары құрылымы

2021 жылы «KEGOC» АҚ есепке алу аспаптарының деректері негізінде электр энергиясын желіге босатудан техникалық ысыраптары 3,012 млрд кВт·сағ немесе 5,6%-ды құрады.

Сонымен қатар электр энергиясының техникалық ысыраптары дегеніміз бұл электр желілері арқылы электр энергиясын жеткізген кезде орын алған, сымдар мен электр жабдықтарындағы физикалық процестермен негізделген электр энергиясының ысырабы болып табылады және сәйкесінше, электр желілеріндегі электр энергиясының ысырабын азайту бойынша іс-шараларды жоспарлау мен өткізудің негізгі мақсаты электр энергиясының техникалық ысыраптарының нақты мәндерін олардың оңтайлы деңгейлеріне дейін жеткізу болып табылады.

Электр энергиясы ысырабын азайту бойынша іс-шараларды орындау нәтижесінде 2021 жылы электр энергиясы шығынының азаюы 4,392 млн кВт·сағ құрады.

Іс-шара Іс-шаралардан болатын нәтиже
млн кВт·сағ Гдж
Аз жүктемелер режимінде желілердің ажыратылуы 0,478 1 721
Аз жүктемелер режимінде күштік трансформаторлардың ажыратылуы 3,914 14 089
Барлығы «KEGOC» АҚ бойынша 4,392 15 810