Корпоративтік
басқару туралы
есеп

Компания корпоративтік басқаруды жоспарлы және үздіксіз жетілдіреді

Корпоративтік
басқару қағидаттары

«KEGOC» АҚ корпоративтік басқару қағидаттары мыналар:

  • органдар арасында міндеттерді айқын бөлуге негізделген корпоративтік басқарудың тиімді жүйесі;
  • акционерлердің құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету;
  • акционерлер үшін теңдей жағдай жасау;
  • тұрақты даму және мүдделі тараптардың корпоративтік басқарудағы рөлі;
  • ақпаратты ашу және айқындық;
  • «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасы қызметінің тиімділігі.

Компания Директорлар кеңесі, оның Комитеттері мен Атқарушы органы қызметінің тиімділігін арттыру; тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және тұрақты даму жүйелерін жетілдіру; ашықтық пен акционерлердің құқықтарын сақтауды арттыру жолымен корпоративтік басқаруды жоспарлы және үздіксіз жетілдіріп отырады. 2021 жылы тәуелсіз консультантпен бірлесіп, «Самұрық-Қазына» АҚ жүргізген диагностиканың қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ корпоративтік басқару рейтингін «ВВ» деңгейінен «ВВВ» деңгейіне дейін көтеру осы жұмыстың нәтижесі болды.

Компанияны
басқару құрылымы

Акционерлік
капитал

2021 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Компанияның жарияланған және орналастырылған жай акцияларының саны – 260 000 000 дана, оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ атынан ірі акционерге 234 000 001 акция (90% плюс бір акция), миноритарлық акционерлерге 25 998 609 акция (9,9995%) тиесілі, қалған 1 390 дана акцияларын (0,0006%) «KEGOC» АҚ сатып алды.

2021 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ акционерлерінің құрылымы

%
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ акционерлерінің құрылымы

2021 жылы Компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан көп пайызын иеленетін акционерлер мен акциялар бойынша маңызды мәмілелер мен өзгерістер болған жоқ.

«KEGOC» в 2021 жылы «KEGOC» АҚ акцияларының нарықтық құнының өзгеруі

тенге
«KEGOC» в 2021 жылы «KEGOC» АҚ акцияларының нарықтық құнының өзгеруі

Дерек көзі – Қазақстан қор биржасы (https://kase.kz).

Акционерлердің
жалпы жиналысы

Акционерлердің жалпы жиналысы «KEGOC» АҚ жоғары органы болып табылады, өз қызметін «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қоғамның Жарғысына және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады және құқықтарын іске асырады.

2021 жылы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Акционерлерінің жалпы жиналысын шақыруға 6 (алты) рет бастама жасады:

  1. 2021 жылғы 23 ақпанда Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілді, онда «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының өкілеттік мерзімдерін белгілеу туралы» мәселе бойынша шешімдер қабылданды.
  2. 2021 жылғы 27 сәуірде Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілді, онда мына мәселелер бойынша шешімдер қабылданды:
    • 2020 жылға жылдық қаржылық есептемені, таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивидендтер мөлшерін бекіту туралы шешім қабылдау туралы»;
    • «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелері мен төрағасын тағайындау, сонымен қатар «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу шарттары мен мөлшерін белгілеу туралы»;
    • «Акционерлердің «KEGOC» АҚ мен оның лауазымдық тұлғаларына қатысты шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы».
  3. 2021 жылғы 31 мамырда Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы нөтті, онда «KEGOC» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды және оның қызметіне төленетін ақы мөлшері туралы» мәселе бойынша шешімдер қабылданды.
  4. 2021 жылғы 30 шілдеде Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті, онда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» мәселе бойынша шешім қабылданды.
  5. 2021 жылғы 29 қазанда Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті, онда мына мәселе бойынша шешім қабылданды: «KEGOC» АҚ-ның 2021 жылғы 30 маусымдағы жай-күй бойынша және сол күнге аяқталған алты айдағы жартыжылдық қаржылық есептілігін, таза кірісті бөлу тәртібін бекіту туралы, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу жөнінде шешім қабылдау, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына «KEGOC» АҚ-ның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы».
  6. 2021 жылғы 24 қарашада Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілді, онда «KEGOC» АҚ кейбір мәселелері туралы» мәселе бойынша шешімдер қабылданды.

Өткізілген Акционерлердің жалпы жиналысымен Компанияның ресми сайтынан танысуға болады: https://www.kegoc.kz/for-investors-and-shareholders/raskrytie-informatsii/obshchie-sobraniya/

Дивидендтік
саясат

«KEGOC» АҚ дивидендтік саясаты дивидендтік төлемдердің мөлшерін белгілеу кезінде акционерлердің мүдделерін сақтауға, Компанияның инвестициялық тартымдылығын арттыру мен оны капиталдандыруға, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген акционерлердің құқықтарын қатаң сақтау мен құрметтеуге негізделеді. Дивидендтер төлеу шарттары: Компанияда есептік кезеңде таза пайданың немесе бөлінбеген пайданың болуы; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дивидендтерді төлеуге шектеулердің болмауы; Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі.

Дивиденд тарихы

Дивиденд есептелген кезең 2019 жыл 2020 жыл 2021 жыл
1-жарты жылдықта бір жылда 1-жарты жылдықта бір жылда 1-жарты жылдықта
Бір акцияға есептегенде дивиденд мөлшері, теңге 67,17 48,86 77,09 75,01 84,72
Есептелген дивидендтің жалпы сомасы, мың теңге 30 167 638 39 545 788 22 027 082
ҚЕХС бойынша дивидендті төлеуге жұмсалған таза пайда үлесі, % 77,3% 74,03% 70% 73,9% 80%
Дивиденд төлеу туралы шешім қабылдаған эмитенттің басқару органының атауы Акционерлердің жалпы жиналысы
Дивиденд төлеу туралы шешім қабылданған, эмитенттің басқару органы өткізген жиналыстың өткізілген күні, хаттама күні мен нөмірі 25 қазан
2019 жылғы
№ 14
29 мамыр
2020 жылғы
№ 17
23 қазан
2020 жылғы
№ 19
27 сәуір
2021 жылғы
№ 21
29 қазан
2021 жылғы
№ 24
Дивиденд алуға құқығы бар тұлғалар тізімі жасалған күн 4 қараша
2019 жылғы
8 маусым
2020 жылғы
29 қазан
2020 жылғы
11 мамыр
2021 жылғы
8 қараша
2021 жылғы

Директорлар
кеңесінің қызметі
туралы есеп

Директорлар кеңесінің құрамы

Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша құрамы:

  • Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы – Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі;
  • Тиесов Сүйіншлік Әмірхамзаұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі;
  • Егімбаева Жанна Дачерқызы – Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі;
  • Доминик Фаш – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  • Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  • Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  • Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

2021 жылғы 27 сәуірде Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды:

  • Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі;
  • Тиесов Сүйіншлік Әмірхамзаұлы – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші;
  • Егімбаева Жанна Дачерқызы – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші;
  • Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – тәуелсіз директор;
  • Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – тәуелсіз директор;
  • Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы – «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

2021 жылғы 30 шілдеде (№ 23 хаттама) «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен тәуелсіз директор ретінде Ульф Вокурка тағайындалды.

2021 жылғы 24 қарашада (№ 25 хаттама) KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен Директорлар кеңесі келесі құрамда бекітілді:

  • Тиесов Сүйіншлік Әмірхамзаұлы – Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші;
  • Егімбаева Жанна Дачерқызы – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші;
  • Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші;
  • Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – тәуелсіз директор;
  • Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – тәуелсіз директор;
  • Ульф Вокурка – тәуелсіз директор;
  • Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Директорлар кеңесінің
мүшелері туралы
мәліметтер

(2020 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Директорлар кеңесінің құрамы)

Сүйіншілік
Әмірхамзаұлы
Тиесов

«KEGOC» АҚ
Директорлар кеңесінің
төрағасы

1946 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.

2016 жылғы 28 қазанда (№ 5 хаттама), 2018 жылғы 27 сәуірде (№ 8 хаттама), 2021 жылғы 27 сәуірде (№ 21 хаттама) және 2021 жылғы 24 қарашада (№ 25 хаттама) «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының шешімдерімен тағайындалды.

«KEGOC» АҚ және оның ЕҰ-ның акцияларына иелік етпейді.

Білімі:
Қазақ политехникалық институты, «Математикалық және есептеу-шешуші аспаптар мен құрылғылар» мамандығы, «Инженер-электрик» біліктілігі бойынша (1968 жыл), Карол Мартин Гаттон Бизнес және экономика колледжінің Бизнес және менеджмент орталығы, Кентукки университеті, АҚШ, «Мемлекеттік саясат және басқару» тақырыбына семинар (1996 жыл).

Соңғы бес жылдағы жұмыс өтілі:

  • 2004–2016 жж. – «КОРЭМ» АҚ Басқарма төрағасы.

«Становление рынка электрической энергии в Казахстане» монографиясының авторы. ҰЭТ-ты қалыптастыруға, бірегей ЭЖЖ мен 1150-500 кВ қосалқы станцияларды және электр энергиясының ірі өндірушілері – Ақсу МАЭС, Екібастұз МАЭС ендіруге қатысушы. Теңіз мұнай-газ кен орнын электрмен сырттан жабдықтау схемасын; ҰЭТ-ты жаңғырту бағдарламасын іске асыруды; Қазақстандағы электр энергиясы мен қуаты нарығының жобасын, 1995 жылғы алғашқы Электр энергетикасы туралы заңды; Қазақстанның электр энергиясы нарығының жұмысына қатысты барлық нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу мен ендіруге қатысушы.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:
Техникалық ғылымдардың кандидаты


Жанна
Дачерқызы
Егімбаева

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің және Қауіпсіздік және еңбекті, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитетінің мүшесі

1953 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматшасы.

2016 жылғы 28 қазанда (№ 5 хаттама), 2018 жылғы 27 сәуірде (№ 8 хаттама) және 2021 жылғы 27 сәуірде (№ 21 хаттама) «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының шешімдерімен тағайындалды.

«KEGOC» АҚ және оның ЕҰ-ның акцияларына иелік етпейді.

Білімі:
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті «Заңгер» мамандығы бойынша (1988 ж.).

Соңғы бес жылдағы жұмыс өтілі:

  • 2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін – «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • 2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі;
  • 2016–2019 жж. – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да кеңесші;
  • 2016–2019 жж. – тәуелсіз директор – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • 2011–2016 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары.

Басқа ұйымдардың басқару органдарына қатысуы:
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.


Жанбота
Темірғалиұлы
Бекенов

Тәуелсіз директор, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің төрағасы, Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің мүшесі

1957 дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы

2020 жылғы 27 сәуірде (№16 хаттама) және 2021 жылғы 27 сәуірде (№ 21 хаттама) «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен тағайындалды.

«KEGOC» АҚ және оның ЕҰ-ның акцияларына иелік етпейді.

Білімі:
Алма-Ата халық шаруашылығы институты, «Қаржы және кредит» мамандыңы бойынша (1985жж.), әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, «Механика және қолданбалы математика» мамандығы бойынша (1985 ж.)

Соңғы бес жылдағы жұмыс өтілі:

  • 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Еуразиялық банк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • 2016–2018 жж. – «Grant Thorn-ton» ЖШС-да бірге басқарушы серіктесі;
  • 2002–2014 жж. – «Pricewater-houseCoopers» ЖШС Аудиторлық департаментінің аға кеңесшісі.

Басқа ұйымдардың басқару органдарына қатысуы:

  • Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасының мүшесі (1994 жылдан бастап)
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Консультативтік кеңестің мүшесі (1994 жылдан бастап).

Нұрлан
Заманбекұлы
Аханзарипов

Тәуелсіз директор, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің төрағасы, Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитетінің мүшесі, Аудит жөніндегі комитетінің мүшесі

1965 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.

2020 жылғы 26 маусымда (№ 18 хаттама), 2021 жылғы 27 сәуірде (№ 21 хаттама) «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен тағайындалды.

«KEGOC» АҚ және оның ЕҰ-ның акцияларына иелік етпейді.

Білімі:
КИМЭП университеті, MBA, «Іскери әкімшілік магистрі» мамандығы бойынша (1995 ж.), Шәкәрім атындағы Се-мей университеті, «Есепке алу және аудит» мамандығы бойынша (2009 ж.), Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы бойынша (2015 ж.)

Соңғы бес жылдағы жұмыс өтілі:

  • 2021 жылдан (қазан) бастап осы уақытқа дейін – «Қазақстан темір жолы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  • 2019 жылдан бастап осы уақыт-қа дейін – «АстанаГаз ҚМГ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  • 2017 жылдан бастап осы уақыт-қа дейін – «iQS Engeeniring» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  • 2019–2020 жж. – «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ – «Бәйтерек» ҰБХ тобы Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • 2017–2018 жж. – «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры;
  • 2010–2016 жж. – «АльфаБанк – Қазақстан» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

Басқа ұйымдардың басқару органдарына қатысуы:

  • 2013 жылдан бастап осы уақыт-қа дейін – «АНК» Қазақстан Салық төлеушілер қауымдастығы Басқарушы кеңесінің мүшесі;
  • 2013 жылдан бастап осы уақыт-қа дейін – «КазЭнерджи» Қауымдастығы Сараптамалық кеңесінің мүшесі.
  • 2006 жылдан бастап осы уақытқа дейін – Сертификатталған тәуелсіз директор (Cert IoD) Institute of Directors, UK.

Ульф
Вокурка

Тәуелсіз директор, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитеті мен Қауіпсіздік және еңбекті, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитетінің төрағасы, Аудит жөніндегі комитетінің мүшесі

1962 жылы дүниеге келген, Германия Федеративтік Республикасының азаматы.

2021 жылғы 30 шілдеде (№ 22 хаттама) «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен тағайындалды.

«KEGOC» АҚ және оның ЕҰ-ның акцияларына иелік етпейді.

Білімі:
Галле-на-Заледегі Мартин Лютер атындағы университет, кәмелеттік аттестаты (1981 ж.); КСРО СІМ Москва Мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (ММХҚИ) «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша (1989 ж.).

Соңғы бес жылдағы жұмыс өтілі:

  • 2018–2019 жж. – «Цеснабанк» АҚ Басқарма төрағасы, Астана қ.
  • 2018–2018 жж. – «Қазкоммерцбанк» АҚ үш САБК Бақылау кеңесінің төрағасы.
  • 2017–2018 жж. – «Қазкоммерцбанк» АҚ Басқарма төрағасы, Алматы қ.

Басқа ұйымдардың басқару органдарына қатысуы:

  • 2021 жылдан бастап осы уақыт-қа дейін – «Қазақстан темір жолы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
  • 2019 жылдан бастап осы уақыт-қа дейін – «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Алматы қ., ДК Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитетінің төрағасы.
  • 2016 жылдан бастап осы уақыт-қа дейін – «АХКО әкімшілігі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Нұр-Сұлтан қ.
  • 2015 жылдан бастап осы уақыт-қа дейін – «KAZAKH INVEST» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Нұр-Сұлтан қ. (04/2017 дейін «KAZNEX INVEST» АҚ), ДК Аудит жөніндегі комитетінің төрағасы.

Ернат
Құдайбергенұлы
Бердіғұлов

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитетінің және Қауіпсіздік және еңбекті, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитетінің мүшесі

1987 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.

2021 жылғы 24 қарашада (№ 25 хаттама) «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен тағайындалды.

«KEGOC» АҚ және оның ЕҰ-ның акцияларына иелік етпейді.

Білімі:
Marysville Pilchuck High School болашақ көшбасшыларды алмасу бағдарламасы бойынша (FLEX) (2005 ж.); әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, по специальности «Аймақтану» мамандығы бойынша, Алматы (2007 ж.); University of Toronto, «Мемлекеттік саясат және халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша (бағыты – Халықаралық экономика) (2010 ж.); University of Warwick (Ұлыбритания), бизнес-әкімшілендіру магистрі (2018 ж.).

Соңғы бес жылдағы жұмыс өтілі:

  • 2021 жылдан бастап осы уақыт-қа дейін – «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия, орнықты даму және цифрлық трансформация жөніндегі бірлескен басқарушы директоры.
  • 2019–2021 жж. – Whiteshield Partners халықаралық консалтингтік компаниясында жоба жетекшісі (әртүрлі жылдары аға аналитик, консультант болып жұмыс істеді).
  • 2018–2019 жж. – «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару жөніндегі дирекциясының аналитигі.
  • 2013–2018 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі. Сонымен қатар әртүрлі жылдары аналитикалық қолдау департаментінің директоры, стратегиялық даму департаментінің директоры, стратегиялық даму департаментінің директоры, жобаларды басқару департаментінің директоры лауазымдарын атқарды.

Басқа ұйымдардың басқару органдарына қатысуы:
«Самұрық-Қазына» АҚ басқа еншілес ұйымдарының Директорлар кеңестері құрамында бар.


Қаныш
Тәңірбергенұлы
Молдабаев

«KEGOC» АҚ
Басқарма
төрағасы

1963 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.

2021 жылғы 27 сәуірде (№ 21 хаттама) және 2021 жылғы 24 қарашада (№ 25 хаттама) «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының шешімдерімен тағайындалды.

«KEGOC» АҚ және оның ЕҰ-ның акцияларына иелік етпейді.

Білімі:
Павлодар индустриалды институты, «Инженер-электрик» мамандығы бойынша (1987 ж.); Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті «Экономист-заңгер» мамандығы бойынша (2002 ж.); Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы, «Мемлекеттік қызмет менеджері» мамандығы бойынша (2004 ж.); Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, іскери әкімшілік ету докторы (Doctor of Business Administration) (2020 ж.).

Соңғы бес жылдағы жұмыс өтілі:

  • 2021–2021 жж. – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Энергетикалық және тау-кен активтері дирекциясының директоры.
  • 2019–2021 жж. – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-дағы «Энергетика» секторының жетекшісі.
  • 2018–2019 жж. – «Қазақстан атом электр станциялары» АҚ бас директорының орынбасары.
  • 2017–2018 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ даму және сату жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі.
  • 2016–2017 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ стратегия және сату жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы::
Халықаралық сертификат – IPMA Level B.

Басқа ұйымдардың басқару органдарына қатысуы:

  • «КОРЭМ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
  • «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы.

Директорлар кеңесінің 2021 жылғы отырыстарында қаралған мәселелер

%
Директорлар кеңесінің 2021 жылғы отырыстарында қаралған мәселелер

Директорлар
кеңесінің комитеттері

Аудит жөніндегі комитет

AК құрамы 4 (төрт) адамнан тұрады, соның ішінде 3 (үш) тәуелсіз директор және дауыс беру құқығы жоқ сарапшы бар.

Есептік кезеңде АК күндізгі нысанда 13 отырыс өткізді, онда 62 мәселе қаралды.

2021 жылы АК отырыстарында қаралған мәселелер

%
2021 жылы АК отырыстарында қаралған мәселелер

Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитет

Комитет 4 (төрт) адамнан тұрады, оның ішінде 2 (екі) тәуелсіз директор, «Самұрық-Қазына» АҚ 1 (бір) өкілі және дауыс беру құқығы жоқ сарапшы бар.

Есептік кезеңде Комитет 13 күндізгі отырыс өткізді, онда 49 мәселе қаралды.

2021 жылы ТСК отырыстарында қаралған мәселелер

%
2021 жылы ТСК отырыстарында қаралған мәселелер

Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитет

Комитет 4 (төрт) адамнан тұрады, соның ішінде 2 (екі) тәуелсіз директор, «Самұрық-Қазына» АҚ 1 (бір) өкілі және дауыс беру құқығы жоқ сарапшы бар.

2021 жылы СЖКБК отырыстарында қаралған мәселелер

%
2021 жылы СЖКБК отырыстарында қаралған мәселелер

Қауіпсіздік және еңбекті, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитет

Комитет 4 (төрт) адамнан тұрады, оның ішінде 1 (бір) тәуелсіз директор, «Самұрық-Қазына» АҚ 2 (екі) өкілі және дауыс беру құқығы жоқ сарапшы бар.

Корпоративтік
басқару кодексін
сақтау

2021 жылы Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерінің сақталуы туралы есеппен тасыну үшін мына сілтеме https://www.kegoc.kz/for-investors-and-shareholders/raskrytie-informatsii/annual-reports/ арқылы таныса аласыз.

Атқарушы
орган

Басқарма құрамы

(2021 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша)

Қаныш
Тәңірбергенұлы
Молдабаев

«KEGOC» АҚ
Басқарма
төрағасы

1963 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.

2021 жылғы 2 желтоқсаннан бастап – «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

«KEGOC» АҚ және оның еншілес ұйымдарының акцияларын иеленбейді.

Білімі:
Павлодар индустриалды институты, «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша (1987ж.); Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша (2002 ж.); Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы, Мемлекеттік басқарма, «Мемлекеттік қызмет менеджері» мамандығы бойынша (2004 ж.); Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, іскери әкімшілік ету докторы (2020 жж.).

Соңғы бес жылдағы жұмыс өтілі:

  • 2019–2021 жылдары – «Самұрық-Қазына» АҚ «Энергетика» секторының жетекшісі, Энергетикалық және тау-кен активтері дирекциясының директоры.
  • 2018–2019 жылдары – «Қазақстан атом электр станциялары» АҚ бас директорының орынбасары.
  • 2012–2018 жылдары – «Самұрық-Энерго» АҚ Инновациялық-технологиялық саясат және даму департаментінің директоры, даму жөніндегі басқарушы директоры, стратегия және сату жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

Саладағы жұмыс өтілі 29 жыл.


Бақытхан
Медеғалиұлы
Жазықбаев

KEGOC» Басқарма төрағасының орынбасары, 2017 жылғы ақпаннан бастап Басқарма мүшесі.

1968 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.

«KEGOC» АҚ және оның еншілес ұйымдарының акцияларын иеленбейді.

Білімі:
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы «Маркетинг және коммерция» мамандығы бойынша (1994 жыл), С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Электр энергетикалық жүйелер мен желілер» мамандығы бойынша (2005 жыл); «Нархоз университеті» АҚ, МBA бағдарламасы бойынша оқу, іскери әкімшілік ету магистрі (2017 ж.).

Соңғы бес жылдағы жұмыс өтілі:

  • 2021 жылғы желтоқсаннан бастап «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
  • 2018–2021 – өндіріс жөніндегі басқарушы директор.
  • 2017–2018 жылдары – өндірістік активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор.
  • 2015–2017 жылдары – «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары.

«KEGOC» АҚ-дағы функциялары:
өндірістік активтерді пайдалану, жөндеу, қызмет көрсету бойынша қызметті жоспарлау; активтерге қызмет көрсету нормативтерін қоса алғанда, активтерді басқару бойынша саясатты және рәсімдерді әзірлеу; ЖЭТ филиалдарының орта мерзімді даму бағдарламасын әзірлеу және іске асыру; Даму жоспарын (Бюджетті және Инвестициялық бағдарламаны) жасау және орындау; іске асырылатын стратегиялық жобаларды басқару жұмысын үйлестіру; пайдаланушыларды электр желісіне қосу бойынша жұмысты үйлестіру және бақылау; күрделі құрылыс объектілері бойынша мердігерлік ұйымдармен жұмыстарды/ қызметтерді сатып алу шарттарын жасау процесін бақылау; мердігерлік ұйымдарды, сонымен қатар қосалқы мердігерлік ұйымдарды іздеу, іріктеу және олармен қарым-қатынастарды дамыту бойынша жұмысты үйлестіру; Ақпараттық-телекоммуникациялық кешенді дамыту және ІТ, телекоммуникациялар және деректерді басқару саласындағы жобаларды басқару стратегиясын үйлестіру; «KEGOC» АҚ объектілеріндегі жөндеу жұмыстарын үйлестіру.

Саладағы жұмыс өтілі – 20 жыл.


Төлеген
Есенқұлұлы
Сафуани

Құқықтық қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор, 2017 жылғы маусымнан бастап Басқарма мүшесі.

1979 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.

«KEGOC» АҚ және оның еншілес ұйымдарының акцияларын иеленбейді.

Білімі:
Қазақ мемлекеттік заң академиясы «Құқықтану» мамандығы бойынша (2000 ж.); Қазақ технология және бизнес университеті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша (магистратура, 2013 ж.); «Алматы Менеджмент Университеті» БМ, іскери әкімшілік ету магистрі (2018 ж.).

Соңғы бес жылдағы жұмыс өтілі:

  • 2017 жылғы мамырдан бастап – «KEGOC» АҚ Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры.
  • 2012–2017 жылдары – «KEGOC» АҚ Заң департаментінің директоры.

«KEGOC» АҚ-дағы функциялары:
құқықтық мәселелер, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау, қызметтің үздіксіздігі жүйелерін ендіру мен жетілдіру; экономикалық, техникалық және ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерін жетілдіру; стратегиялық объектілерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және лаңкестікке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды қалыптастыру; кінәраттық-талап ету жұмысын үйлестіру; қызметтегі заңдылықтың сақталуын және оның құқықтық мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету.

Қоса атқарған жұмысы және ДК-дегі мүшелігі:
«Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

Саладағы жұмыс өтілі – 16 жыл.


Айбек
Төлеубекұлы
Ботабеков

Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор, 2009 жылғы қазаннан бастап Басқарма мүшесі.

1976 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.

«KEGOC» АҚ және оның еншілес ұйымдарының акцияларын иеленбейді.

Білімі:
Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша (1997 ж.), «Назарбаев университеті» ДБҰ, іскери әкімшілік ету магистрі (2016 ж.).

Соңғы бес жылдағы жұмыс өтілі:

  • 2017 жылғы ақпаннан бастап – «KEGOC» АҚ қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры.
  • 2009–2017 жылдары – «KEGOC» АҚ экономика жөніндегі басқарушы директоры.

«KEGOC» АҚ-дағы функциялары:
қаржы-экономикалық мәселелер, баға белгілеу, «KEGOC» АҚ бағалы қағаздарының KASE ресми тізімінде болу процесіне басшылық ету және үйлестіру; «KEGOC» АҚ миноритарлық акционерлерімен және бағалы қағаздардың басқа да ұстаушыларымен өзара іс-қимыл; «KEGOC» АҚ қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаларды өзгерту, түзету және бекіту бойынша қызметті үйлестіру; «KEGOC» АҚ шоғырландырылған аудиттелген жылдық қаржылық есебін дайындау, қаржы институттарымен, аудиторлық компаниялармен ынтымақтастық, басқарушылық есептілік және қызметтің процестік көрсеткіштері жүйесі.

Қоса атқарған жұмысы және ДК-дегі мүшелігі:
«ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы, «Батыс транзит» АҚ қауымдастырылған ұйымы Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

Саладағы жұмыс өтілі – 24 жыл.

Басқарма
қызметі туралы
есеп

«KEGOC» АҚ Басқармасы қараған мәселелер құрылымы

%
«KEGOC» АҚ Басқармасы қараған мәселелер құрылымы

Басқарма
жанындағы
комитеттер

Алқалық шешімдерді алдын ала қарау, қабылдау және «KEGOC» АҚ Басқармасына жетекшілік ететін мәселелер бойынша ұсынымдар дайындау үшін Компанияда консультативтік-кеңесу органдары құрылды:

  • Инвестициялық комитет
  • Тәуекелдер жөніндегі комитет
  • Бюджет комитеті
  • Кадрлық даму жөніндегі комитет
  • Дебиторлармен және кредиторлармен жұмыс жөніндегі комитет
  • Тауарлы-материалдық қорлармен жұмыс жөніндегі комитет.

Сонымен қатар, Компанияда тұрақты даму саласындағы басқару мәселелері бойынша, «KEGOC» АҚ біріктірілген менеджмент жүйесін (БМЖ) әзірлеу, ендіру, оның жұмыс істеуі бойынша және менеджмент жүйелерінің нәтижелігін үнемі жақсарту бойынша жұмысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін Компанияда «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы басшылық ететін консультативтік-кеңесу органы – Тұрақты даму және БМЖ жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды.

Мүдделілігі бар мәмілелер

2021 жылы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасы жасалуында мүдделілік бар 40 мәміле (соның ішінде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 10 мәміле, «KEGOC» АҚ Басқармасының шешімімен 30 мәміле) жасау туралы шешім қабылдады. Ірі мәмілелер жасалған жоқ.

Есептік жылы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ филиалдары және «Батыс транзит» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «Каспий құбыр консорциумы-К» ЖШС, «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» АҚ, «СП Казгермунай» ЖШС, «Казахстанско-Китайский Трубопровод» ЖШС, «Казахстанско-французское совместное предприятие «Катко» ЖШС арасында ҚҚС-ны есепке алғанда 303 250 157,19 теңге жалпы сомасына жабдықтарға жедел және пайдалану қызметін көрсету жұмыстарын ұйымдастыру бойынша 10 (он) шартқа қол қою арқылы жасалуында мүдделілік бар мәмілелерді жасау туралы шешім қабылдады.

Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес осы мәселелер бойынша талқылауға және дауыс беруге тәуелсіз директорлар ғана қатысты.

2021 жылы «KEGOC» АҚ Басқармасы 57 991 228,7 теңге (ҚҚС-ны есепке алғанда) жалпы сомасына жасалуында мүдделілік бар 29 мәміле, соның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін ұйымдарға уақытша бос үй-жайларды жалға беру бойынша, сондай-ақ жабдыққа жедел және пайдалану қызметін көрсету жұмыстарын ұйымдастыру бойынша мәміле жасау туралы шешім қабылдады.

Менеджментті
бағалау және
сыйақы

2021 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС тәуелсіз консультанттарын тарта отырып, корпоративтік басқаруға тәуелсіз диагностика жүргізді.

Тәуелсіз диагностика нәтижелері бойынша 2021 жылы Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің тиімділігін, соның ішінде Даму стратегиясын, тұрақты даму стратегиясын, кадр саясатын басқару және іске асырылуын қадағалау процестеріндегі тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсынымдар алынды. Бұл ұсынымдар Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған жоспарда есепке алынды.

Акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу және шығындарын өтеу қағидаларына сәйкес Директорлардың сыйақысы екі бөліктен тұрады: жылдық тіркелген сыйақы және Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша Директорлар кеңесі комитеттерінің күндізгі отырыстарында төрағалық еткені немесе қатысқаны үшін қосымша сыйақы. Акционерлердің жалпы жиналысының 2020 жылғы 26 маусымдағы шешіміне сәйкес директорларға Директорлар кеңесі комитеттерінің күндізгі отырыстарына қатысқаны үшін төленетін қосымша сыйақылар төлеу алынып тасталды.

Директорға Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің отырыстарына баруына, тәуелсіз директордың тұрғылықты жерінен тыс жерлерде өткізілетін жиналыстарға баруына байланысты шығыстары өтеледі: (жол жүру, соның ішінде трансфер, қонақ үйде тұру, тәуліктік шығыстар, Қазақстан Республикасындағы телефон байланысы (ұялы байланыстан басқа), құжаттарды сканерлеу, көшірмелеу, факс, принтерден шығару, құжаттарды компьютерде теру, Қазақстан Республикасында Интернетке шығу, курьерлік және почта қызметтері).

«KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес 2020 жылы Директорлар кеңесінің бірде-бір мүшесі өздерінің сыйақыларына байланысты шешімдер қабылдауға қатысқан жоқ.

Басқарма төрағасы мен мүшелеріне еңбекақы төлеу жүйесі қызметақыдан және бір жылдағы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақыдан тұрады. «KEGOC» АҚ-ның бір жылдағы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы аудиттелген қаржылық есептілік негізінде қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелері бекітілгеннен кейін «KEGOC» АҚ-ның бюджетінде осы мақсаттарға көзделген ақшалай қаражат шегінде төленеді. Есептік жылда шоғырландырылған қорытынды табыстың болуы сыйақы төлеу үшін негізгі шарт болып табылады.

Басқарма төрағасы мен мүшелерінің қызметін бағалау кезінде «KEGOC» АҚ стратегиялық мақсаттарын «KEGOC» АҚ Басқармасының әрбір мүшесіне арналған ҚНК карталары түрінде «KEGOC» АҚ бизнес-процестері/қызметінің бағыттары бойынша нақты көрсеткіштерге жатқызу арқылы әзірленетін қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге арналған мотивациялық ҚНК қолданылады. Қысқа мерзімді кезеңге арналған мотивациялық ҚНК корпоративтік және функционалды ҚНК болып бөлінеді.

Корпоративтік ҚНК-ны және басшы қызметкерлердің ҚНК-сын Компанияның Директорлар кеңесі бекітеді. Осылайша, 2020 жылғы 15 желтоқсанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Басқарма мүшелерінің корпоративтік ҚНК-ларын және олардың 2021 жылға арналған нысаналы мәндерін бекітті.

Негізгі мотивациялық ҚНК

1-стратегиялық мақсат   2-стратегиялық мақсат   3-стратегиялық мақсат  
WWP EBITDA Корпоративтік басқару рейтингі
Электр энергиясының технологиялық шығысы желіге босату көлемінен %-бен Таза активтердің құны (NAV) Корпоративтік басқаруды жетілдіру жоспарының іс-шараларын орындау
ЭЖЖ-дегі технологиялық бұзылыстардың саны Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерінің нысаналы мәндеріне қол жеткізу Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесі
Толымсыз жеткізілген электр энергиясы немесе Energy Not Supplied (ENS)        
Қазақстан ҰЭТ-те WAMS жобасын іске асыру        

2021 жылдың қорытындысы бойынша корпоративтік ҚНК-ның мақсатты мәндеріне қол жеткізілді.

Корпоративтік
этика

Корпоративтік этика – бұл біздің қызметкерлерімізді біріктіретін негізгі элемент.

Корпоративтік этиканың мақсаты – қызметкерлердің бір ұжым шеңберіндегі өзара қарым-қатынасын реттеуде болып табылады және жалпы қабылданған адами құндылықтар негізінде қалыптасады:

  • құзыреттілік және кәсібилік (Компания қызметкерлерінде сапалы білімнің, жұмыс тәжірибесінің, шешім қабылдау қабілетінің, өзінің кәсіби деңгейін арттыруға талпынысының болуы);
  • адалдық және әділдік (ұйым қызметіндегі, оның іскерлік беделін сақтаудағы және жеке мүдделер мен кәсіби қызмет арасындағы қайшылықтарды болдырмаудағы маңызды аспект);
  • жауапкершілік Компания қызметінің сапасына кепілдік ретінде;
  • адамның жеке басын құрметтеу (Компанияның әрбір қызметкері нәсіліне, тіліне, саяси және діни сенімдеріне, жынысына, ұлттық және мәдени ерекшеліктеріне қарамастан өзіне адал және әділ қарым-қатынас жасауға құқылы);
  • коммерциялық құпияны сақтауға тырысумен, зиянсыз және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етумен сипатталатын қауіпсіздік.

Әрбір қызметкер өзінің күнделікті қызметінде басшылыққа алуы тиіс практикалық қағидалар жиынтығынан тұратын Мінез-құлық (іскери этика) кодексі жоғары буын басшыларын қоса алғанда.

Компанияда Директорлар кеңесіне есеп беретін Омбудсмен жұмыс істеуді жалғастыруда, оның міндеттерінің бірі қызметкерлердің және лауазымды тұлғалардың Мінез-құлық кодексін сақтауын қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда оның ережелерін түсіндіру болып табылады. Омбудсмен жұмысының негізгі қағидалары бұл тәуелсіздік, бейтараптық пен әділдік, құпиялық пен бейресмилік болып табылады.

Сыбайлас
жемқорлыққа
қарсы күрес

«KEGOC» АҚ барлық мүдделі тараптармен өзара іс-қимылда және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасыруда оның кез келген көріністерінде сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік саясатын ұстанады. Компания жемқорлықтың кез келген түрін, соның ішінде ақша, құндылықтар, сыйлықтар және өзге де мүлік немесе мүліктік, физикалық немесе моральдық сипаттағы қызметтер түріндегі ұсыныстарды немесе пайда алуды болдырмайды. Алдағы уақытта тараптардың қандай да бір міндеттемелеріне әкелуі мүмкін қонақжайлық белгілерін танытпайды немесе сыйлықтарды қабылдамайды. Сыбайлас жемқорлық істеріне тартылған лауазымды адамдар мен қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жұмыстан шығарылуға және жауаптылыққа тартылуға жатады.

«KEGOC» АҚ өзінің күнделікті қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтайды және сыбайлас жемқорлықтың кез келген нысандары мен көріністерінде сыбайлас жемқорлыққа ымырасыз күресуге бағытталған ұйымдастыру және практикалық қадамдарға бар күшін салады.

Ішкі аудит
қызметі

Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – ІАҚ) 2006 жылы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен құрылды. 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша ІАҚ бекітілген штаты 8 адамды құрайды, операциялық және қаржы аудиті бөлімінің аудиторы бос лауазымы болды.

Қызметтің миссиясы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мен атқарушы органына Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу бойынша өз міндеттерін орындауда қажетті көмек көрсетуде болып табылады. Қызметтің жұмысының негізгі мақсаты тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруде жүйелік тәсілдерді енгізе отырып, Компанияны тиімді басқаруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және дұрыс ақпарат беру болып табылады.

2021 жылы орындалған аудиторлық тапсырмалардың нәтижелері бойынша Қызмет Қоғамға 104 ұсыным берді, олардың ішінде аудит объектілері 6 ұсыным ендірді, 98 ұсыным ендірілу сатысында тұр. Аудит объектілері Қызметпен бірлесіп, Түзету іс-қимылдарын жоспарларын әзірледі. Қызмет тоқсан сайынғы негізде берілген ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізіп отырады.

Сыртқы
аудитор

«KEGOC» АҚ компаниялары тобына қаржылық есептілік аудиті бойынша қызмет көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдауды Аудиторлық ұйымды таңдау бойынша бірыңғай комиссия «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және дауыс беруші акцияларының елуден көп пайызы (қатысу үлесі) «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдар үшін аудиторлық ұйымды таңдау жөніндегі қағидаларға сай және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімі (2021 жылғы 31 мамырдағы № 22 хаттама) негізінде жүзеге асырды. Қазақстан Республикасы Аудиторлар Палатасының кәсіби ұйымының мүшесі, тәуелсіз аудиторлық ұйым – «RSM Qazaqstan» ЖШС-мен шарт жасалды. 2021-2023 жылдардағы қаржылық есептілік аудиті бойынша қызмет көрсеткені үшін сыйақы сомасы ҚҚС-ны есепке алғанда 116,22 млн теңгені құрады, соның ішінде 2021 жылы – 35,98  млн теңге, 2022 жылы – 38,55 млн теңге, 2023 жылы – 41,69 млн теңге.

Тәуелсіздікті сақтау мақсатында және «KEGOC» АҚ Сыртқы аудит жөніндегі саясатына сай бір аудиторлық ұйым бес жыл қатарынан аудит жүргізген кезде аудит бойынша серіктес ауыстырылып отырады. «RSM Qazaqstan» ЖШС 2021 жылы «KEGOC» АҚ аудиторлық емес қызмет көрсетпеді.