Адами
ресурс

Кадрлық әлеует Компанияның даму табысын айқындайтын маңызды стратегиялық фактор болып табылады

Кадр
саясаты

«KEGOC» АҚ кадрлық әлеуеті Компанияның даму табысын анықтайтын маңызды стратегиялық фактор болып табылады. «KEGOC» АҚ адами ресурстар менеджменті Копроративтік басқару кодексінің, Мінез-құлық (іскери этика) кодексінің, біріктірілген менеджмент жүйесінің, Кадр саясатының, «KEGOC» АҚ персоналын мотивациялау саласындағы ішкі құжаттардың қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

Қызметкерлер саны

адам
Қызметкерлер саны

Қызметкерлердің санаттар бойынша құрылымы

%
Қызметкерлердің санаттар бойынша құрылымы

Жұмыс түрі бойынша қызметкерлер саны

%
Жұмыс түрі бойынша қызметкерлер саны

Қызметкерлердің гендерлік белгілері бойынша құрылымы

%
Қызметкерлердің гендерлік белгілері бойынша құрылымы

Қызметкерлердің жасы бойынша құрылымы

%
Қызметкерлердің жасы бойынша құрылымы

Қызметкерлердің жұмыс өтілі бойынша құрылымы

%
Қызметкерлердің жұмыс өтілі бойынша құрылымы

Қызметкерлердің білімі бойынша құрылымы

%
Қызметкерлердің білімі бойынша құрылымы

Қызметкерлердің ұлты бойынша құрылымы

%
Қызметкерлердің ұлты бойынша құрылымы

Қызметкерлердің өңірлер бойынша құрылымы

%
Қызметкерлердің өңірлер бойынша құрылымы

Персонал құрылымы

  Көрсеткіш Барлығы Үлес, % ӘБП ӨП Басшы-
лауа-
зымдар
Басшы-
лықтағы
үлесі, %
Тізім бойынша саны 4 400 100 658 3 742 632 100,0
Жынысы Ерлер 3 377 76,8 254 3 123 562 88,9
Әйелдер 1 023 23,2 404 619 70 11,1
Ұлттық белгілері бойынша топтар Қазақтар 3 151 71,6 564 2 587 451 71,4
Орыстар 839 19,1 61 778 125 19,8
Украина-
лықтар
130 3,0 6 124 18 2,8
Татарлар 69 1,6 8 61 12 1,9
Немістер 59 1,3 5 53 7 1,1
Басқалары 152 3,5 14 139 19 3,0
Жасы бойынша топтар 30 жасқа дейін 783 17,8 72 711 47 7,4
30-дан 50 жасқа дейін 2 380 54,1 441 1 939 360 57,0
50 жастан жоғары 1 237 28,1 145 1 092 225 35,6

Қызметкерлерді
жалдау саласындағы
саясат

«KEGOC» АҚ барлық үміткерлерге олардың ұлттық және нәсілдік тегіне, жынысына, жасына, отбасылық және әлеуметтік жағдайына немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан тең мүмкіндіктер ұсынады.

Кадрлардың тұрақтамауы

%
Кадрлардың тұрақтамауы

2021 жылы Компаниядан кеткен қызметкерлердің «KEGOC» АҚ-да жұмыс істеу ұзақтығы

2021 жылы Компаниядан кеткен қызметкерлердің «KEGOC» АҚ-да жұмыс істеу ұзақтығы

2021 жылы персоналдың динамикасы

адам
2021 жылы персоналдың динамикасы

Персоналды
дамыту

«KEGOC» АҚ персоналды оқыту мен дамыту процесіне үлкен мән береді.

Есептік жылы 2 113 қызметкер оқыды, бұл қызметкерлердің тізімдік санынан 54,18%-ды құрайды. «КЕGOC» АҚ-ның 2021 жылы оқуға жұмсаған нақты шығындары 116,8 млн теңгені немесе жоспардың 35,9%-ын құрады, бұл 2020 жылы орындалғаннан 21,1%-ға төмен.

Оқытудың орташа жылдық саны 1 қызметкерге 22,3 сағатты құрады, соның ішінде ӘБП қызметкерлері үшін – 21,5 сағат, ӨП қызметкерлері үшін – 22,4 сағат.

Бір ер қызметкерге оқыту сағаттарының орташа саны – 21,9 сағат, әйел қызметкер үшін – 25,5 сағат.

Жалпы оқыту сағаттарының саны 94 198,0 сағатты құрады, соның ішінде ер қызметкерлер үшін – 82 879,0 сағат, әйел қызметкерлер үшін – 11 319,0 сағат; ӘБП – 12 526,0 сағат, ӨП – 81 672,0 сағат.

Өндірістік құрамдағы жас кадрлардың кәсіби білімдері, білігі мен дағдылары деңгейін көтеру, олардың кәсіби дамуына көмектесу, өндірістік құрамдағы тәжірибелі қызметкерлердің құзыреттерін сақтау, корпоративтік мәдениетке бейімдеу, дәстүрлер мен мінез-құлық қағидаларын игеруі үшін «KEGOC» АҚ-да тәлімгерлік жүйесі енгізіліп, жұмыс істеуде.

«KEGOC» АҚ-ның дарындар пулын қалыптастыру бойынша жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде – 255 адамнан тұратын мирасқорлардың функционалдық және басқару пулы бекітілді.

Ұжымдық шарт
және кәсіподақ
қызметі

«KEGOC» АҚ бірлестік еркіндігін қолдайды және қызметкерлердің ұжымдық шарттарды жасау құқықтарын таниды.

«KEGOC» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасында жасалған 2021-2025 жылдарға арналған ұжымдық шарт оған қосылу рәсімін, еңбек тәртібін, соның ішінде қызметкерлердің әлеуметтік демалыс кезіндегі демалыс уақытын, еңбекақы төлеу, еңбек қауіпсіздігі мен қызметкерлердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, әлеуметтік кепілдер мен өтемақылар беруді реттеу мәселелерін көздейді, қызметкерлерді қолдау және кадрлық әлеуетті дамыту, қызметкерлерді медициналық сақтандыру және мәдени-көпшілік бос уақыттарын қолдау жөніндегі шараларды нақтылайды. Оған Комапния қаражаты есебінен қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен және басқа да жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету бөлігінде жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Сонымен қатар онда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңдестірілген адамдарға, Компанияның есебінде тұрған ардагер-энергетиктерге қатысты мәселелер көрсетілді.

Ұжымдық шарт жұмыспен қамтылу түріне қарамастан, «KEGOC» АҚ-ның барлық қызметкерлеріне (100%) қолданылады

2003 жылы «Энерготехкәсіподақ» ҚБ Энергетикалық сала қызметкерлерінің кәсіби одағы құрылды, негізгі функциялары мыналар болып табылады:

  • өз мүшелері мен мүшелік ұйымдардың еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін білдіру, қорғау;
  • салалық деңгейде әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға көмектесу;
  • салалық келсім мен ұжымдық шарт жасаған кезде әлеуметтік әріптестік тарабында болу.

Кәсіподақ сонымен қатар еңбекақы төлеу шарттарына, қызметкерлерді материалдық ынталандыру нысандарына, тәртіптік жазалау шараларын қолданғанға дейінгі еңбек тәртібін сақтауға ықпал етеді.

Кәсіподақ еңбек туралы заңнаманы сақтауды бақылауға, кепілдіктер мен өтемақыларды, жеңілдіктер мен т.б. сақтауға және іске асыруға арналған.

2020 және 2021 жылдары «Энерготехкәсіподақ» ҚБ қызметкерлерді, соның ішінде COVID-19 пандемиясымен байланысты қолдауға бағытталған әлеуметтік бастамалар мен іс-шараларға белсенді қатысты. Осылайша, қорғаныс құралдары (антисептиктер, қорғаныс маскалары) сатып алынды, үй-жайлар өңделді, вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылардың тестілеуден өтуі үшін ақы төленді. Жыл ішінде кәсіподақ мүшелері мен зейнеткерлерге емделуге, дәрі-дәрмек сатып алуға берген өтініштері бойынша материалдық көмек көрсетілді, санаторий-курорттық путевкалар мен демалыс үйлерінде демалғаны үшін өтемақы төленді.

«Энерготехпрофсоюз» ҚБ ҚЕК РКБ-ның мүшесі бола отырып, 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімнің, 2022-2024 жылдарға арналған Салалық келісімнің жобаларын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Кәсіби одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеу бойынша жұмыс топтарына белсенді қатысты.

Волонтерлік

«KEGOC» АҚ волонтерлері ел өңірлері бөлігінде әртүрлі ьеріктілік акцияларына қатысуды жалғастыруда.

2021 жылы жалғасқан карантиндік шектеулерді, инфляцияның жоғары деңгейі, ковид кезеңінде ауруға байланысты туыстары мен жақын жандардан айрылуы сияқты бірқатар жағдайларды ескере отырып, волонтерлердің акцияларға қатысу саны азайды, бірақ соған қарамастан Компанияның энергетиктері әрдайым қиын жағдайларда ел азаматтарына мүмкіндігінше көмектесіп отырады. Бұл ретте Волонтерліктің барлық акциялары өз қаражаты мен «Энерготехкәсіподақ» ҚБ қаражатын жинау есебінен өткізіледі.

«KEGOC» АҚ волонтерлары Рудный қаласы әкімдігінің «Зеленстрой» МКК-мен бірлесіп, қаланы көгалдандыру бойынша экологиялық бағдарламаға қатысты.

Жеңіс күніне (9 мамыр) еліміздің барлық қалалары бойынша «Жүйеаралық электр желілері» филиалдары орналасқан жерлерде «Энерготехкәсіподақ» ҚБ-мен бірлесіп, ҰОС ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға 56 адамға азық-түлік көмегі көрсетілді.

Компания қызметкерлері Алматы қаласының «Тағдыр» мүгедек балалардың отбасылық клубына Наурыз мейрамына арналған мерекелік дастарханға сыйлықтар түрінде қайырымдылық көмек көрсетті. Сонымен қатар, «Қайырымдылық істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында өткізілген «Донор күні» астаналық акциясына қатысты. Бұл акцияны Компания қызметкерлері еліміздің өңірлері бойынша қолдады. Айта кету керек, біздің Компания 2007 жылдан бастап донорлық акцияларға тұрақты қатысып келеді.

Балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында «Менің тамаша Отаным – Қазақстан» тақырыбында конкурс өткізілді, онда 47 балаға мектепке қажетті заттар түріндегі сыйлықтар табыс етілді, Атырау қаласында 30 ағаш отырғызумен «Таза Қала» акциясында сенбілікті ұйымдастыру мен өткізуге қатысты.

Жыл сайын өткізілетін «Жақсылық жасауға асық!» қайырымдылық марафоны аясында «Екібастұз» балалар қорына материалдық көмек көрсетілді.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Қарағанды қаласының 200 аз қамтылған отбасыларына азық-түлік жинап, жеткізу бойынша өткізілген «АЯЛА» акциясына қатысты.

Компания қызметкерлері «Энерготех кәсіподық» ҚБ қолдауымен «Жүрек Нұры» қоғамдық қорының «Бақытты балалық шақ» бағдарламасы бойынша «Мектепке жол» акциясына қатысты, бұл іс-шапра аясында Шымкент, Алматы және Ақтөбе қалаларында аз қамтылған отбасылардың балалары қамтылды. Жиналған қаражатқа ең қажетті заттар, сондай-ақ оқуға арналған тауарлар – кеңсе тауарлары, мектеп формасы, аяқ киім сатып алынды.

Дәстүр бойынша «KEGOC» АҚ волонтерлары «Бақытты отбасы» жобасын іске асыруға қатысып, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті заттарды сатып алуға 10 сертификат сатып алып, «Баланы мектепке жинаймыз» акциясын іске асыруға көмек көрсетті. Осындай акцияға Компания филиалдарының еріктілері де белсенді атсалысып, көп балалы және жағдайы нашар 100-ден астам отбасын қамтыды.

Құрбан айт мерекесі аясында Нұр-Сұлтан қаласының әйелдер медресесіне 300 000 теңге сомасына және Компанияның Атырау қаласындағы филиалы қызметкерлерінің аса мұқтаж 30 отбасына жыл сайын қайырымдылық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, «КEGOC» АҚ ұжымы кезекті рет Ақтөбе қаласындағы қарттар үйіне барып, Қарттар күніне орай өткізілетін акцияға, соның ішінде «Қамқорлық пен назар аудару» акциясы аясында ғы акцияға қатысты. «Самұрық-Қазына» АҚ Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы портфелді компаниялармен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласында «Халықаралық қарттар күнін» мерекелеуге орай ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсету акциясын өткізді. Еріктілер барлығы 43 азық-түлік пакетін жинастырып, мекенжайларына жеткізді.

«Игі істер марафоны» аясында Компания еріктілері «KEGOC» АҚ есебінде тұрған зейнеткерлер мен ардагерлердің үйлерінің қоршауларын абаттандырумен, үй жанындағы учаскелерде көшет отырғызумен, ауласын қардан тазартумен айналысты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Өскемен қ. ЖОО студенттері үшін Компания филиалының қосалқы станциясында Ашық есік күнін өткізді және мүгедек балалары мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балалары бар көп балалы және жағдайы нашар отбасылардан шыққан 21 балаға сыртқы киім сатып алу үшін қаражат жинау бойынша үлкен қайырымдылық акциясы өткізілді.

Еңбекті
қорғау

Еңбекті қауіпсіздігін және қызметкерлердің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету Компанияның негізгі басымдықтары болып табылады. Компанияда қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, технологиялық операцияларды орындау кезінде жарақат алуды азайту, қызметкерлердің өндірістік және санитарлық-тұрмыстық еңбек жағдайын жақсарту, сонымен қатар зиянды және қолайсыз факторлардың әсерін азайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.

Компанияда Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелері мен ЕҰ қызметіне тараған Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі қызмет атқарады. Жүйенің мақсаты нәтижелілікті қамтамасыз ету және қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы көрсеткіштерді жақсарту, сонымен қатар Компания қызметінің ерекшелігіне байланысты тиісті тәуекелдерді басқару болып табылады. Жыл сайын қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы бағдарлама жасалып отырады, онда қажетті шаралар, шығындар және оларды іске асыру мерзімдері белгіленеді. Компания ISO 45001:2018 халықаралық стандартына сәйкестік сертификатынан өтіп, сәтті енгізді.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру жүзеге асырылды. Компания қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын жазатайым оқиғалардан және еңбек қызметіне байланысты емес (аптасына 7 күн, 24 сағат бойы) жазатайым жағдайдан, соның ішінде COVID-19 салдарынан сақтандыру қосымша жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Компания қызметкерлері кем дегенде үш жылда бір рет қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша міндетті оқудың барлық түрлерінен, электр энергетикасы саласындағы нормативтік актілерді білу деңгейіне біліктілік тексерулерден өтеді. 2021 жылы ISO 45001:2018 «Еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау менеджменті жүйесі», «Пайдалану бойынша талаптар мен нұсқаулық», «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» халықаралық стандарттары бойынша қосымша оқу өткізілді.

Ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге міндетті ауысым алдындағы медициналық тексеру, жүргізушілерге рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеру жүргізіліп отырады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «KEGOC» АҚ 2021 жылы қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру және қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүзеге асырылды.

«KEGOC» АҚ-да қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру деңгейін бағалау үшін Lost Time Injury Frequency Rate (LTIFR) коэффициенті немесе уақытша еңбекке жарамсыздықпен жарақат алу, соның ішінде еңбек қызметіне байланысты өлім жағдайлары жиілігінің коэффициенті қолданылады. Әлемдік тәжірибеде LTIFR бұл еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы компаниялардың жұмыс істеу тиімділігінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Көрсеткіш компаниядағы жиынтық атқарылған жұмыс уақытына (Work Hours, WH) жатқызылған және 1 млн адам/сағ нормаланған жұмыс уақытының (LTI) ысыраптары жағдайларының санын көрсетеді. LTIFR мәні 2021 жылы 0,15 құрады (2020 жылы – 0).

Компания қызметкерлерінің 2021 жылы еңбек қызметіне байланысты 1 (бір) жазатайым жағдай орын алды.

Еңбекке қабілеттілікті жоғалтатын жарақаттардың жиілік коэффициенті LTIFR

Еңбекке қабілеттілікті жоғалтатын жарақаттардың жиілік коэффициенті LTIFR