Негізі
оқиғалар

01

27 қаңтар
«KEGOC» АҚ облигациялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда алаңында 8,6 млрд теңге сомасына 8,9 млн дана жалпы көлемінде жылдық 11,6161% өтелетін орташа есептелген кірістілікпен ойдағыдай орналастырылды.

02

16 ақпан
Fitch Ratings агенттігі Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясының (KEGOC) шетелдік валютадағы эмитенті дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін (ЭДР) «BBB-» деңгейінде растады. Болжам – тұрақты.

03

10 наурыз
Standard & Poor‘s рейтингтік агенттігі «KEGOC» АҚ рейтингін «Тұрақты» болжамымен ВВ+ деңгейінде растады.

04

27 сәуір
«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтті, онда 2020 жылғы жылдық қаржылық есептілік бекітілді, соған сәйкес Компанияның шоғырландырылған таза кірісі 53,5 млрд теңгені құрады. Акционерлер «KEGOC» АҚ 2020 жылғы таза кірісінің 74%-ын (шоғырландырылмаған пайдадан 90%-ын) дивиденд төлеуге жіберу туралы шешім қабылдады.

05

21 мамыр
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешіміне сәйкес «KEGOC» АҚ 2020 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша дивидендтер төледі. Дивидендтерді төлеуге 19,5 млрд теңге немесе бір жай акцияға 75,01  теңге жұмсалды.

06

17 тамыз
Moody’s рейтингтік агенттігі «KEGOC» АҚ рейтингін «Ваа3»-тен «Ваа2»-ға дейін «позитивті» болжамнан «тұрақты» болжамға көтерді.

07

28 қыркүйек
«Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) алаңында «Эмитент күні» бейнеконференция форматында өтті. Осы іс-шара аясында «KEGOC» АҚ-ның 2021 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің қорытындылары баяндалды.

08

14 қазан
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «KEGOC» АҚ-ға 2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық паспортын берді.

09

21 қазан
«KEGOC» АҚ жылдық 11,50% өтелетін кірістілікпен 16,6 млрд теңге жалпы көлеміндегі облигациялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда алаңында ойдағыдай орналастырылды.

10

29 қазан
«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай дауыс беру нысанында өтті, онда «KEGOC» АҚ-ның 2021 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қаржылық есептілігі бекітілді, соған сәйкес Компанияның шоғырландырылған таза кірісі 27,5 млрд теңгені құрады, оның шамамен 80%-ын дивидендтерді төлеуге жіберу туралы шешім қабылданды.

11

19 қараша
«KEGOC» АҚ 2021 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша жай акциялар бойынша дивидендтер төледі. Дивидендтерді төлеуге 22 027 082 239,2 теңге немесе бір жай акцияға 84,72 теңге жұмсалды.

12

24 қараша
«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтіп, оның барысында кадрлық тағайындаулар жүргізілді. Бақытжан Қажиевтың жеке бастамасы бойынша «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен Қаныш Молдабаев үш жыл мерзімге «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, оның «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы ретіндегі өкілеттігі де мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Сүйіншілік Тиесов сайланды.

Сонымен қатар Ернат Бердіғұловты «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіретін өкілі ретінде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі етіп тағайындау туралы шешім қабылданды.

13

15 желтоқсан
«KEGOC» АҚ «Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің режимдерін басқаруды автоматтандыру» жобасымен екінші «Qazaqstan Project Management Awards–2021» ұлттық байқауының қорытындысы бойынша екінші орын алды.

14

21 желтоқсан
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ-ның 2022–2031 жылдарға арналған жаңартылған даму стратегиясын бекітті.

15

28 желтоқсан
Moody’s рейтингтік агенттігі кредиттік қорытындыны жариялады және «KEGOC» АҚ рейтингін тұрақты болжаммен «Baa2» деңгейінде растады.

16

30 желтоқсан
«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС еншілес ұйымы «KEGOC» АҚ-ға тиесілі қатысу үлесінің 100%-ын мемлекет меншігіне өтеусіз беру арқылы иеліктен шығарылды.