Операциялық
есеп

Қазақстан Республикасында өндірілген электр энергиясының 50%-ы «KEGOC» АҚ желілері арқылы жеткізіледі

Салаға шолу

Аймақтар бөлігіндегі жиынтық иелік қуат:

Электр станцияларының аймақтар бөлігі бойынша белгіленген қуаты

МВт
Электр станцияларының аймақтар бөлігі бойынша белгіленген қуаты

Солтүстік аймақ

МВт
Солтүстік аймақ

Батыс аймақ

МВт
Батыс аймақ

Оңтүстік аймақ

МВт
Оңтүстік аймақ

Электр
энергиясының
теңгерімі

2021 жылы Қазақстан БЭЖ электр станцияларының электр энергиясын өндіру құрылымы

%
2021 жылы Қазақстан БЭЖ электр станцияларының электр энергиясын өндіру құрылымы

Жалпы алғанда 2020 жылмен салыстырғанда электр энергиясын өндіру 6 362,1 млн кВт·сағ-қа немесе 5,9%-ға артты.

Электр энергиясын өндіру-тұтыну динамикасы

млрд кВт·сағ
Электр энергиясын өндіру-тұтыну динамикасы

Есептік кезеңде Ресейден электр энергиясының сальдо-ағыны 461,7 млн кВт·сағ (2020 жылы Ресейден 123,1  млн кВт·сағ) құрады. Бұл ретте Ресейге электр энергиясының экспорты 1 326,6 млн кВт·сағ (2020 жылы – 1 117,5 млн кВт·сағ) құрады, 2020 жылмен салыстырғанда 209,1 млн кВт·сағ-қа артты. Ресейден электр энергиясының импорты – 1 788,3 млн кВт·сағ (2020 жылмен салыстырғанда 547,7 млн кВт·сағ-қа артты). Экспорт пен импорт Ресей Федерациясынан теңгерімдеуші электр энергиясы көлемін есепке ала отырып, келтірілген.

Ресеймен электр энергиясының сальдо-ағындары

млн кВт·сағ
Ресеймен электр энергиясының сальдо-ағындары

Орталық Азияға сальдо-ағын 1 019,3 млн кВт·сағ құрады, бұл ретте ОА-ға электр энергиясының экспорты 1 324,5 млн кВт·сағ құрады, соның ішінде:

  • Өзбекстанға – 637,7 млн кВт·сағ (Екібастұз ГРЭС-1 ЖШС-дан – 400,3 млн кВт·сағ, «ГРЭС Топар» ЖШС-дан – 45,6 млн кВт·сағ, «Ст.ЭГРЭС-2» АҚ-дан – 191,8 млн кВт·сағ);
  • Қырғызстанға – 686,8 млн кВт·сағ (өзара алмасу шеңберінде Екібастұз ГРЭС-1 ЖШС-дан – 680,3 млн кВт·сағ, «ГРЭС Топар» ЖШС-дан 0,7 млн кВт·сағ, «KEGOC» АҚ – «НЭС Кыргызстана» ААҚ – 5,8 млн кВт·сағ).

Майнингтік
дата-орталықтары

2021 жылы Қазақстан Республикасында электр энергиясын тұтынудың күрт өсуіне майнингтік дата-орталықтарды жаппай жұмысқа енгізу де себеп болды.

Жүйелік операторда бар деректер бойынша, Қазақстан Республикасында цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалардың тұтынуы «көлеңкелі майнингтің» тұтынуын есепке алмағанда, 1000 МВт астам көлемді құрайды.

Тұрмыстық тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларды энергиямен жабдықтауды шектеуге қатысты нормативтік-құқықтық құжаттамаға бірқатар түзетулер қабылдады.

Осылайша, түзетулерге сәйкес Жүйелік оператордың электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін жасау және іске асыру кезінде, электр энергиясының немесе генерациялайтын қондырғылар қуатының тапшылығы туындаған кезде цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін, сонымен қатар авариялық жағдайларды болдырмау үшін электр энергиясын жоспарлы жеткізуді шектеу немесе төмендету жөніндегі шараларды қабылдау құқығы, сондай-ақ электр қуаты нарығының жұмысы шеңберінде айыппұл коэффициентін қолдану арқылы энергия жеткізуші, энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың Жүйелік оператордың цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға жеткізуді шектеу жөніндегі өкімін орындамағаны үшін жауапкершілігі көзделген.

Сонымен бірге, айыппұл коэффициентін қолдану шеңберінде энергия өндіруші ұйымдардың «сұр» майнерлерге электр энергиясын өткізгені үшін жауапкершілігі көзделген. Бұл ретте, өткен айларда «сұр» майнерлерге электр энергиясын өткізген жағдайлар анықталған жағдайда, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға электр энергиясын жеткізу жүзеге асырылған және өз қызметі туралы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органды хабардар етпеген барлық айлар үшін электр қуаты нарығының жұмыс істеуі шеңберінде ЭӨҰ кірістерін қайтару тетігі көзделген.

Түзетулерге сәйкес, Жүйелік оператордың өкімдері 7-8 күн ішінде орындалмаған жағдайда, энергия өндіруші ұйымның қуат нарығындағы кірісі толығымен нөлге тең болады, ал ЭЖҰ-ның қуат нарығындағы қаржылық міндеттемелері 28 есе артады.

Жоғарыда көрсетілген нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрінің төрағалық етуімен электр энергиясының импорты мәселелерін қарау жөніндегі кеңестің 01.10.2021 жылғы хаттамасы негізінде Жүйелік оператор электр энергиясы мен қуатының тапшылығы туындаған кезде және/немесе авариялық жағдайларды болдырмау үшін цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты электр энергиясын тұтынуды шектеуді енгізеді.

2021 жылы цифрлық майнингті жүзеге асыратын субъектілердің электр энергиясын шектеу көлемі:

  • Қазан – 83,259 млн кВт·сағ.
  • Қараша – 201,642 млн кВт·сағ.
  • Желтоқсан – 200,036 млн кВт·.сағ.

Өндірістік
қызмет

Электр
энергиясын
жеткізу

«KEGOC» АҚ желілері арқылы электр энергиясын жеткізу

млрд кВт·сағ
«KEGOC» АҚ желілері арқылы электр энергиясын жеткізу

2021 жылы Ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметтің нақты көлемі 54,65 млрд кВт·сағ-ты құрады, бұл 2020 жылғы көрсеткіштерден 8,5 млрд кВт·сағ-қа немесе 18,4%-ға жоғары. Артудың негізгі себебі мыналар:

  • Қазақстан Республикасы көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын жеткізу көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 8,55 млрд кВт·сағ-қа немесе 20,9%-ға өсті;
  • электр энергиясын экспорттау көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 0,09 млрд кВт·сағ-қа немесе 7,7%-ға өсті;
  • 2021 жылы «KEGOC» АҚ мен «ФСК ЕЭС» ӨАҚ арасында жасалған шарт бойынша Ресей-Қазақстан-Ресей бағытында «KEGOC» АҚ желілері арқылы электр энергиясы жеткізілді. Аталған транзит бойынша көрсетілген қызмет көлемі 3 957,3 млрд кВт·сағ құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 146,2 млн кВт сағ-қа немесе 3,6%-ға аз (4 103,5 млн кВт·сағ.).

Техникалық
диспетчерлендіру

Техникалық диспетчерлендіру

млрд кВт·сағ
Техникалық диспетчерлендіру

2021 жылы электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру бойынша көрсетілген қызметтің нақты көлемі 105,04 млрд кВт·сағ-ты құрады, бұл 2020 жылғы көрсеткіштерден 6,05 млрд кВт·сағ-қа немесе 6,11%-ға жоғары. Бұл Қазақстан Республикасы энергия өндіруші ұйымдарының электр энергиясын өндіруінің артуымен байланысты.

Электр энергиясын
өндіру-тұтыну теңгерімін
ұйымдастыру

Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру

млрд кВт·сағ
Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру

2021 жылы электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру бойынша қызметтердің нақты көлемі 205,15 млрд кВт·сағ-ты құрады, бұл 2020 жылғы көрсеткіштерден 12,29 млрд кВт·сағ-қа немесе 6,37%-ға жоғары, бұл Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығында электр энергиясын тұтынудың өсуімен негізделген.

«KEGOC» АҚ-ның саладағы рөлі

млрд кВт·сағ
«KEGOC» АҚ-ның саладағы рөлі

Электр энергиясын
сатып алу-сату
сбойынша операциялар

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы БЭЖ-інің Жүйелік операторының қатарлас жұмыс режимдерін басқару және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша көрші мемлекеттердің энергетикалық жүйелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру жөніндегі функциясын атқарады.

2021 жылы «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы БЭЖ-і мен Ресей Федерациясы БЭЖ-інің шекарасында электр энергиясының нақты мемлекетаралық сальдо ағынының жоспардағыдан сағаттық ауытқу көлемдерін өтеу мақсатында 22 157.8 млн теңге (17,48 теңге/кВт·сағ) сомасына 1 267,7 млн кВт·сағ көлемінде электр энергиясын сатып алды.

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы БЭЖ-і мен Ресей Федерациясы БЭЖ-інің шекарасында электр энергиясының нақты мемлекетаралық сальдо ағынының жоспардағыдан сағаттық ауытқу көлемдерін өтеу мақсатында 7 067,8 млн теңге (5,58 теңге/кВт·сағ) сомасына 1 267,7 млн кВт·сағ көлемінде электр энергиясын сатуды жүзеге асырды.

ЖЭК-ті дамыту

Бүгінгі таңда ЖЭК секторы бұл Қазақстандағы электр энергиясын өндірудің қарқынды дамып келе жатқан секторы болып табылады, Қазақстан Республикасында ЖЭК-ті дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар кешенінің арқасында ЖЭК объектілерінен электр энергиясын өндіру жыл сайын артып келеді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жиынтық белгіленген қуаты 2 010 МВт болатын 134 ЖЭК объектісі жұмыс істеді:

  • қуаты 684 МВт болатын 40 жел электр станциялары объектісі;
  • қуаты 1 038 МВт болатын күн 49 электр станциялары объектісі;
  • қуаты 280 МВт болатын 40 гидро электр станциялары объектісі;
  • қуаты 8 МВт болатын 5 биоэлектр станциялары объектісі.

2021 жылы жиынтық қуаты 393 МВт болатын 19 объект пайдалануға берілді.

2021 жылы ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруі бойынша ақпарат

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2021 жылы
Белгіленген қуаты, соның ішінде: МВт 2 010,32
жел электр станциялары МВт 683,95
шағын ГЭС МВт 280,98
күн электр станциялары МВт 1 037,61
биоэлектр станциялары МВт 7,82
     
Электр энергиясын өндіру, соның ішінде: млн кВт·сағ 4 220,29
жел электр станциялары млн кВт·ч 1 776,41
шағын ГЭС млн кВт·сағ 799,74
күн электр станциялары млн кВт·сағ 1 641,09
биоэлектр станциялары млн кВт·сағ 3,04
Электр энергиясы өндірісінің жалпы көлемінде өндірілетін ЖЭК электр энергиясының үлесі % 3,69
     
2021 жылы ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруінің артуы 2020 жылмен салыстырғанда 30%-ды құрайды

Желінің сенімділігі

Қазақстан Республикасы үшін электр энергетикасының маңызы зор, себебі еліміздегі металлургия, мұнай мен газ өндіру сияқты негізгі салалар энергияны өте көп қажет етуімен сипатталады. Сәйкесінше, Қазақстан өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігі және халықтың тіршілік ету сапасы көбінесе тұтынушыларды энергиямен сенімді және сапалы жабдықтауға байланысты.

2021 жылы «KEGOC» АҚ электр желілерінде 309 авариялық ажыратулар болды (бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 25%-ға көп): 129 жағдайда желінің тұрақты жұмысы АҚІ құрылғыларының сәтті жұмыс істеп кетуімен сақталды, ал 180 жағдайда сәтсіз АҚІ нәтижесінде ажыратылды.

2021 жылы Компанияда 74 технологиялық бұзылыс тіркеліп, тексеру жүргізілді, олардың ішінде 2 авария, І дәрежелі 4 істен шығу және ІІ дәрежелі 68 істен шығу. Көрсеткіш 2020 жылға қарай 54 %-ға өсті.

Технологиялық бұзылыстарды жіктеу белгілері бойынша бөлу

%
Технологиялық бұзылыстарды жіктеу белгілері бойынша бөлу

2021 жылы электр жеткізу желілерінде 48 технологиялық бұзылыс болды. ӘЖ-дегі технологиялық бұзылыстардың жалпы санының 14-і ӘЖ элементтерінің зақымдануымен орын алды.

Өткен жылы қосалқы станцияларда 26 технологиялық бұзылыс болды. ҚС-дағы технологиялық бұзылыстардың жалпы санының 7-еуі негізгі жабдықтың зақымдануымен болды.

Желінің сенімділік деңгейін бағалау үшін халықаралық тәжірибеде мынадай көрсеткіштер қолданылады:

SAIDI

(System Average Interruption Duration Index – ажыратудың орташа ұзақтығы) – орташа алғанда жүйедегі бір жылда болған бір ажыратуды сипаттайды.

SAIDI

SAIFI

(System Average Interruption Frequency Index – бұзылыстардың жүйеде пайда болуының орташа жиілігі) – тұтынушыларды электрмен жабдықтау үзілістерінің орташа жиілігін сипаттайды.

SAIFI

Авариялық ажыратулар мен технологиялық бұзылыстар санының өсуі Компания әсер ете алмайтын 2021 жылы орын алған қолайсыз метеорологиялық жағдайлармен негізделген.

Табиғат құбылыстарының әсерінен 41 технологиялық бұзылыс орын алды (жалпы санының 55%-ы).

Генерациялайтын жабдықты авариялық ажырату Қазақстан БЭЖ жұмысының сенімділігін едәуір төмендетеді, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде авариялық жағдайларды туындата отырып, Жүйелік оператор бақылайтын қималарда артық жүктеудің орын алуына әкеп соғады.

Осылайша, 2021 жылы ЖЭС қазандықтары 63 062 сағатқа 1 073 рет авариялық тоқтады (2020 жылы – 61 811 сағатқа 1 104 рет), бұл 31 тоқтауға аз және 1 251 сағатқа көп.

Турбиналар 2021 жылы 44 366 сағатқа 276 рет авариялық жағдайда тоқтады (2020 жылы – 27 191 сағатқа 262 рет), бұл өткен жылдың деңгейінен 14 тоқтауға мен 17 175 сағатқа артық.

2021 жылы энергия блоктары 6 486 сағатқа 106 рет авариялық жағдайда тоқтады (2020 жылы – 4 389 сағатқа 80 рет), бұл 26 тоқтауға және 2 097 сағатқа артық.

Инвестициялық
қызмет

«KEGOC» компаниясы ірі ауқымды стратегиялық жобаларды ойдағыдай іске асыруды жалғастыруда.

Қазақстанда 2021 жыл бүкіл әлемдегі сияқты Covid-19 пандемиясы орын алып, карантиндік шаралар жағдайында жұмыс істеумен өтті.

Алайда Компания қызметкерлері жоспарланған қаржы салымы көлемін игеруге барынша күш салды. Карантиндік шектеулерге қарамастан, 2021 жылғы инвестициялық бағдарламаның жоспарлы көрсеткіштерін орындай алды. 47,723 млрд теңге (ҚҚС-ны есепке алмағанда) жоспарланған кезде нақты игеру 44,221  млрд теңгені (ҚҚС-ны есепке алмағанда) құрады, бұл жоспардың 93%-ын құрайды.

Ағымдағы жобалар
бойынша жұмыстардың
дәрежесі:

I кезең. «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ» және «Сарыбай ЖЭТ» филиалдарының 220–500 кВ-тық ӘЖ-лерін реконструкциялау

Жобаны іске асыру басталғаннан бері 24 ӘЖ-нің 20-сында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді, соның ішінде 12 ӘЖ-де жұмыстар аяқталды: олардың ішінде 10 ӘЖ пайдалануға берілді, ал екі ӘЖ-де жұмыс комиссиясы жұмыс істейді. Қалған 8 ӘЖ-де жұмыстар жалғасуда. Жобаны іске асыру басталғаннан бері барлығы 2 029 км желінің 1 306,7 км реконструкцияланды, соның ішінде 2021 жылы 456,7 км ЭЖЖ реконструкцияланды, олардың ішінде кернеуі 500 кВ ӘЖ – 161,5 км және 220 кВ ӘЖ – 295,2 км.

2021 жылы күрделі қаржы салымының игерілуі

12,3 млрд теңге жоспарланған кезде
14,1 млрд теңге.

Қазақстан БЭЖ-дің Батыс аймағының электр желілерін күшейту

2021 жылы 220 кВ желілердің барлық 5 объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды: Орал – Правобережная, Правобережная – Индер, Индер – Қарабатан, Қарабатан – Құлсары және Құлсары – Теңіз.

2021 жылы 4 182 тіректің 1 227 тірегі орнатылды, бұл тіректердің жалпы санының 30%-ын құрайды. 2021 жылы 220 кВ Орал, Правобережная, Индер, Құлсары, Теңіз ҚС реконструкциялау және 20 кВ Қарабатан ТП салу үшін 2,4 млрд теңге сомасына жабдық жеткізілді.

2021 жылы күрделі қаржы салымының игерілуі

3,2 млрд теңге жоспарланған кезде
4,1 млрд теңге.

Түркістан қаласын сырттан электрмен жабдықтау схемасын күшейту

220 кВ Ж-2439 «ГНПС – Кентау» ӘЖ, 220 кВ Ж-2309 «ГНПС – Шымкент» ӘЖ реконструкциялау және 220 кВ «Орталық» ҚС салу бойынша ЖСҚ әзірлеу 2021 жылы аяқталды; құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат алынды.

220 кВ «Орталық» ҚС-да 220 кВ ӘЖ кіру-шығу құрылғыларын реконструкциялау бойынша ҚМЖ, кірме жол төсемін орнату бойынша жер жұмыстары және АТҚ порталдары тіреулерінің астына іргетастарды орнату бойынша жұмыстар орындалды.

Объектіге 220 кВ автотрансформаторлар, 110-220 кВ ток және кернеу трансформаторлары, 110, 220 кВ ажыратқыштар, 110-220 кВ шиналық тіректер, 10, 110, 220 кВ асқын кернеу шектегіштері, РҚА жабдығы (шкафтар) және материалдар (т/б бұйымдар, металл) жеткізілді.

2021 жылы күрделі қаржы салымының игерілуі

4,3 млрд теңге жоспарланған кезде
4,4 млрд теңге.

2021 жылы әзірленген
перспективалық
жобалар:

Солтүстік-Оңтүстік тұрақты ток желісін салу

2021 жылы мердігер екі кезеңдік ТЭН-нің бірінші бөлігі ретінде жоба бойынша алдын ала ТЭН әзірлеуді жүргізді. Алдын ала ТЭН нәтижелерін «KEGOC» АҚ Басқармасы мен ғылыми-техникалық кеңес алдын ала мақұлдады. 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерімді бекітуді ескере отырып, жобаның келесі кезеңіне өтуі үшін ТЭН әзірлеу нәтижелерін «Самұрық-Қазына» АҚ-мен келісу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстарының тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін 500-220 кВ жүйе құраушы электр желісін күшейту.

Ашық тендер қорытындысы бойынша «Институт «Казсельэнергопроект» ЖШС-мен ТЭН әзірлеуге шарт жасалды. ТЭН әзірленуде, оның қорытындысы бойынша жобаны іске асыру параметрлері мен мерзімдері белгіленетін болады.

Батыс Қазақстан энергия жүйелерін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру

Батыс аймақты елдің энергия жүйесінің жалпы энергия теңгеріміне тартуды қамтамасыз ету және жалпы алғанда Батыс аймақты Республика аумағы бойынша Қазақстан БЭЖ-нің негізгі бөлігімен байланыстыратын магистральдық электр жеткізу желілерін салу арқылы Батыс аймақтың тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру.

Батыс аймақты ҚР БЭЖ-мен (әуелік электр жеткізу желісінің ұзындығы, бағыты, сондай-ақ токтың түрі) біріктіру бойынша оңтайлы шешім қабылдау мақсатында «KEGOC» АҚ ашық тендер қорытындылары бойынша «АУЭС» КАҚ-мен «Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру» жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – алдын ала ТЭН) әзірлеуге шарт жасады. Алдын ала ТЭН әзірленуде.

«Екібастұз индустриалдық аймағын сырттан электрмен жабдықтау. Электр желілік объектілерді салу»

Бұған дейін Павлодар облысының Әкімдігі Екібастұз қаласының Индустриялық аймағын (электр жүктемесі 500 МВт-тан астам) салуға бастамашылық еткен болатын. Индустриялық аймақты сырттан электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін осы жобаны іске асыру болжанып отыр.

Жобаны іске асыру аясында 1150 кВ Екібастұз ҚС-ға 500 кВ желілер арқылы қосылатын жаңа 500 кВ ҚС салу жоспарлануда. Жобаны іске асыру Екібастұз қаласының Индустриялық аймағын жаңа 500кВ ҚС-ның 220 кВ шиналарынан электрмен жабдықтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. «KEGOC» АҚ және «Энергия» ҚОЭЖҒЗЖІИ» АҚ арасында жобаның ТЭН-ін әзірлеуге шарт жасалды. ТЭН әзірленуде.

Жергілікті және пилоттық жобалар бойынша игеру жоспар бойынша 2 903,923 млн теңге болғанда 2 082,637 млн теңгені құрады. Ішкі желілерді сегменттеу, «SCADA/EMS жүйесін жаңғырту» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және кәсіпорынның автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесін енгізу (кеңейтілген бизнес-процестер) бойын-ша жұмыстар жүргізілуде. WAMS синхрофазорлық өлшеулер негізінде WACS басқару жүйесі мен жиілік пен қуат ағындарын автоматты реттеу жүйесін (ЖҚАР) жаңғырту бойынша жұмыстар орындалды.

Күрделі қаржы салымдары бойынша өндірістің ағымдағы деңгейін қолдау мақсатында 22 694,422 млн теңге (ҚҚС-сыз) жоспарланғанда, КҚС-ның 19 518,043 млн теңге (ҚҚС-ны есепке алмағанда) игерілді.

2022 жылы «KEGOC» АҚ келесі жобаларды іске асыруды жалғастырады:

  • «I кезең. «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ» және «Сарыбай ЖЭТ» филиалдары-ның 220–500 кВ ӘЖ-лерін реконструкциялау»;
  • «Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту»;
  • «Түркістан қаласын сырттан электрмен жабдықтау схемасын күшейту».

Тариф
саясаты

«KEGOC» АҚ 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа тарифтер бекітілгенге дейін төмендегі тарифтер бойынша реттелетін қызметтер көрсетті:

  • электр энергиясын жеткізу – 2,448 теңге/кВт·сағ;
  • электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру – 0,264 теңге/кВт·сағ;
  • электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру – 0,086 теңге/кВт·сағ.

ТМРК-ның 16.08.2021 ж. №79-НҚ бұйрығымен 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін қолданысқа енгізілетін «KEGOC» АҚ-ның 2021-2026 жылдарға арналған реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтері, тарифтік сметалары төмендегідей мөлшерлерде бекітілді:

теңге/кВт·сағ 01.10.2021–30.09.2022 01.10.2022–30.09.2023 01.10.2023–30.09.2024 01.10.2024–30.09.2025 01.10.2025–30.09.2026
Электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру 2,797 2,848 3,004 3,106 3,134
Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру 0,306 0,314 0,333 0,348 0,355
Организация балансирования производства-потребления электрической энергии 0,098 0,102 0,105 0,108 0,110

Қаржы-
экономикалық
көрсеткіштер
талдауы

Жоспар-факт талдауы

млadенге 2021 жоспар 2021 факт Ауытқ. Ауытқулардың негізгі себептері
Шоғырландырылған кірістер 384 864,0 199 424,1 -48,2%  
  • негізгі қызметтен болған кірістер
377 343,3 186 443,1 -50,6% Төмендеуі 2021 жылғы желтоқсанда «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС-ны сыйға тарту шартын жасау арқылы мемлекеттің меншігіне иеліктен айыру себепті орын алды. Нәтижесінде жаңартылатын энергия көздері өндірген сатымдық электр энергиясын іске асырудан, сонымен қатар электр қуатының жүктеме көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуден түскен түсім тоқтатылған қызмет нәтижесінде қайтадан жіктелді.
Сонымен қатар көрсетілетін қызмет көлемімен өтелген инвестициялық құрайышсыз тарифтер бойынша қызмет көрсету теріс әсер етті.
Шоғырландырылған шығыстар 340 015,5 152 651,8 -55,1%  
  • өзіндік құн
317 100,5 120 682,9 -61,9% Төмендеу, негізінен жаңартылатын энергия көздері өндірген электр энергиясын сатып алуға және тоқтатылған қызмет нәтижесінде электр қуатының дайындығын қолдау жөніндегі қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстарды қайта жіктеумен байланысты.
Бұдан басқа, негізгі қорлардың жіктеуішіне өзгерістер енгізу салдарынан мүлік салығы бойынша салық салу базасының азаюы нәтижесінде мүлік салығы бойынша шығындар жоспарлы шығындармен салыстырғанда төмендеді;
Орталық Азияға электр энергиясының жоспардан тыс ағындарының болмауы нәтижесінде келісімшарттық емес іріктеулерді өтеу үшін электр энергиясын сатып алуға арналған шығыстар бойынша; шығыстарды оңтайландыру жөнінде жүргізілетін шаралар нәтижесінде негізгі қызмет бойынша транзит (жөндеу кезінде) және өзге де шығыстар және негізгі қызмет бойынша өзге де ағымдағы шығыстар үшін көрсетілетін қызметтер бойынша.
Бұл ретте, сатып алудың нақты көлемінің өсуі нәтижесінде электр энергиясы ағынының нақты мемлекетаралық сальдосының сағаттық ауытқу көлемдерін өтеу мақсатында электр энергиясын сатып алуға; негізінен Оңтүстік Қазақстан облысында авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде электр энергиясын сатып алуға, электр желісі активтерін жөндеу бойынша бағаның өсуі салдарынан электр энергиясының технологиялық шығысын (ысырабын) өтеуге арналған шығыстар артты.
  • жалпы және әкімшілік шығыстар
9 963,5 8 539,8 -14,3% Төмендеу негізінен «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС-ны иеліктен айыру нәтижесінде болды.
  • сату шығыстары
422,7 381,2 -9,8% Төмендеу, негізінен, шығындарды оңтайландыру нәтижесінде болды.
Құнсызданудан болған залал/кіріс   -7 944,0   «Құрылыстар» сыныбы бойынша негізгі құралдарды қайта бағалау 01.12.2021 жай-күй бойынша жүргізілді.
ООперациялық пайда 49 856,5 48 895,2 -1,9%  

2020 жылғы нақты көрсеткіштері бар 2021 жылғы шығыстар мен кірістердің нақты көрсеткіштерінің талдауы

млн теңге 2020* 2021 Aуытқ. Негізгі себептер
Шоғырландырылған кірістер 185 852,9 199 424,1 7,3%  
негізгі қызметтен болған кірістер 179 097,6 186 443,1 4,1% Өсуі Ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу көлемінің артуымен, сонымен қатар мемлекетаралық ағын сальдосы ауытқуларының сағаттық көлемін өтеу мақсатында электр энергиясын сату көлемінің артуына байланысты.
Шоғырландырылған шығыстар 127 253,8 152 651,8 20,0%  
өзіндік құн 101 920,9 120 682,9 18,4% Өсуі негізінен электр энергиясы ағындарының нақты мемлекетаралық сальдосының сағаттық ауытқуларын өтеу мақсатында электр энергиясын сатып алуға арналған шығыстардың артуымен, электр энергиясының технологиялық шығынын өтеуге, амортизациялық аударымдар, электр желісі активтерін жөндеу және қызмет көрсету бойынша шығындардың өсуімен негізделген. Бұл ретте негізгі қорлардың жіктеуіштеріне өзгерістер енгізу салдарынан мүлік салығы бойынша салық салу базасының азаюы нәтижесінде мүлік салығы бойынша шығыстар төмендеді.
жалпы және әкімшілік шығыстар 7 817,1 8 539,8 9,3% Шығыстардың артуы негізінен амортизациялық аударымдар бойынша шығыстардың, сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік бойынша қызметтерді сатып алуға арналған шығындардың артуымен байланысты.
сату шығыстары 364,1 381,2 4,7% Төмендеу, негізінен, шығындарды оңтайландыру нәтижесінде болды.
Құнсызданудан болған залал/кіріс -19,2 -7 944,0   «Құрылыстар» сыныбы бойынша негізгі құралдарды қайта бағалау 01.12.2021 жай-күй бойынша жүргізілді.
Операциялық пайда 68 976,2 48 895,2 -29,1%  

* – «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС иеліктен шығаруды есепке ала отырып, қайта есептелді

Жоғарыда аталған факторлар 2021 жыл қорытындысы бойынша операциялық пайда мен қаржылық нәтижеге әсер етті.

Қаржы-экономикалық көрсеткіштер динамикасы

млрд теңге
Қаржы-экономикалық көрсеткіштер динамикасы

Коэффициенттер
талдауы

Негізгі индикаторлар

Көрсеткіш 2019 жыл, факт 2020 жыл, факт 2021 жыл, факт
1-деңгейлі стратегиялық ҚНК      
ROACE, % 7,47 9,48 7,70
EBITDA, млн теңге 80 221,7 103 391,9 93 865
Кредиттік келісімдермен белгіленген ковенанттар      
Ағымдағы өтімділік коэффициенті, кем дегенде 1 2,19 1,69 1,61
«Самұрық-Қазына» АҚ белгілеген ковенанттар      
Борыш/EBITDA, 3,80-нен көп емес 1,70 1,49 1,82
Борыш/Капитал, 1,40-тан көп емес 0,31 0,32 0,23

* – «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС иеліктен айыруды есепке ала отырып, қайта есептелді

2021 жыл ішінде қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері мен ковенанттар бойынша стандарттар бұзылған жоқ.

Құрылған
және бөлінген
экономикалық құн

Экономикалық құнды бөлу

млн теңге 2019 ж. 2020 ж. 2021 ж.
Жалпы капиталдандыру 632 163,54 663 590,50 908 336,27
  • меншік капиталы
481 838,02 502 556,47 737 136,82
  • қарыз капиталы
150 325,52 161 034,03 171 199,45
Мемлекеттен алынған қаражат 0 0 0
Құрылған экономикалық құн * 160 158,80 185 852,94 199 424,10
  • негізгі қызметтен түскен кірістер *
154 629,42 179 097,56 186 443,14
  • қаржылық кірістер *
3 581,81 5 480,24 5 368,22
  • басқа да кірістер *
1 947,57 1 275,13 7 612,74
Бөлінген экономикалық құн *: 157 587,49 170 101,47 201 789,23
  • еңбекақы төлеу шығыстары *
20 167,09 21 101,73 23 672,49
  • салықтар және мемлекеттік бюджетке алымдар бойынша шығыстар *
17 932,84 21 334,15 14 047,26
  • капитал жеткізушілеріне төлемдер *
40 842,53 43 952,81 53 200,01
  • қайырымдылық және демеушілік көмек *
     
  • басқа да операциялық шығындар *
78 260,29 77 761,28 99 492,06
  • басқа да операциялық емес шығындар *
384,74 5 951,50 11 377,43
  • Бір жылға салық салынғаннан кейін тоқтатылған қызметтен түскен пайда *
6 535,83 4 967,04 13 471,47
Бөлінетін экономикалық құн 9 107,14 20 718,50 11 106,33

* – «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС иеліктен айыруды есепке ала отырып, қайта есептелді

Теңгерім талдауы

Көрсеткіш, млн теңге 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж. 2021 ж. 2021–2020 жж.
Айналымнан тыс активтер 698 081,7 659 175,9 695 192,5 1 019 820,4 46,70%
Айналым активтері 57 769,0 97 111,0 116 820,1 73 396,9 -37,17%
Барлығы активтер 755 850,7 756 987,7 812 012,6 1 093 217,3 34,63%
Капитал 472 693,8 481 838,0 502 556,5 737 136,8 46,68%
Ұзақ мерзімді міндеттемелер 236 958,6 230 808,2 239 766,9 310 396,6 29,46%
Қысқа мерзімді міндеттемелер 46 198,3 44 341,5 69 689,2 45 683,9 -34,45%
Қысқа мерзімді міндеттемелер 283 156,9 275 149,7 309 456,1 356 080,5 15,07%
Капитал мен міндеттемелер барлығы 755 850,7 756 987,7 812 012,6 1 093 217,3 34,63%

Тәуекелдерді
басқару және
ішкі бақылау

Тәуекелдерді
басқару
процесі

«KEGOC» АҚ анағұрлым маңызды және өзекті тәуекелдері:

  • Еңбек қызметіне байланысты жазатайым жағдайлардың туындау тәуекелі
  • Валюталық тәуекел
  • Контрагент банктерге қатысты кредиттік тәуекелдер
  • Короновирустың әсер ету тәуекелі
  • Контрагенттердің көрсетілген қызметтер үшін ақы төлемеуі
  • ТМРК тарифтердің бекітілген шекті деңгейлерін төмендетуі, соның ішінде өтем тарифтерін енгізу
  • Өндірістік активтердің бұзылуы
  • Қазақстан БЭЖ-де қуат тапшылығының туындауы тәуекелі